Жоғарғы Сотта жергілікті соттардың судьяларын оқыту бойынша кезекті бейнедәріс өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жергілікті соттардың судьяларын қашықтықтан оқыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде Жоғарғы Сотта облыстық және оған теңестірілген соттармен бейнебайланыс арқылы «Мүлікті тиым салудан босату» тақырыбында кезекті бейнедәріс өтті. Дәрісті Жоғарғы Сот судьясы Н.Сисенова оқыды.

Бейнедәрісте Азаматтық іс жүргізу кодексінің 240-6-бабының тәртібінде қаралатын мүлікті тыйым салудан босату туралы, сондай-ақ аталған санаттағы істерді қараған кезде соттардың материалдық және процестік заңды қолдануы мәселелері талқыланды.

Бейнедәріс барысында судья Н.Сисенова мүлікті тыйым салудан босату, істің соттылығы, мемлекеттік баж төлеу сияқты тақырптарға тоқталды.  Сонымен қатар қылмыстық іс жүргізу шеңберінде, салық органдары ауыртпалық салған мүліктерге тыйым салудан босатумен байланысты істерді қарау тәртібі туралы мәселелері талқыға салынды.

Қатысушылар онлайн режимінде өз сұрақтарына жауап алды.

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі