Ақтөбеде жаңа судьяларды таныстырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Ақтөбе облыстық сотында өткен жалпы отырыста жаңадан тағайындалған судьяларды таныстырды. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» № 29 Жарлығына  ағымдағы жылғы 25 мамырда қол қойылды.

Іс-шараға облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов, облыстық соттың алқа төрағалары, судьялары мен мамандары, қалалық және мамандандырылған соттардың төрағалары, құқық қорғау органдары мен БАҚ өкілдері қатысты. 

Облыстық сотының жалпы отырысында Ақтөбе қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, Қарғалы аудандық сотының төрағасы лауазымына Нәзира Аманқұлова, Ақтөбе қаласы №2 сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, Ақтөбе облыстық сотының судьясы лауазымына Рәзия Ахметова, Мәртөк аудандық сотының судьясы лауазымына Ерлан Нұршәріпов, Қарғалы аудандық сотының судьялы қызметінен босатыла отырып, Ақтөбе қалалық сотының судьясы Қайырбек Әбдіхалықов таныстырылды. Осы Жарлыққа сәйкес атқаратын қызметінен 3 судья орнынан түсуіне байланысты судья өкілеттігін тоқтата отырып, Ақтөбе облыстық сотының судьясы Гүлжахан Байтұрсынова мен Ойыл аудандық сотының судьясы Шағбан Жамиев және Қарғалы аудандық сотының төрағасы Разия Мырзақұл зейнеткерлік жасқа толуына байланысты босатылды.

Жиында жаңадан тағайындалған Мәртөк аудандық сотының судьясы Е.Нұршарынов ант қабылдады.

Жиында облыстық сот төрағасы Ерлан Айтжанов орнынан түскен және зейнеткерлікке шыққан судьяларды сот жүйесіне сіңірген еңбегі үшін алғыс білдіре отырып, сот ұжымының атынан естелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыстады. Оларға ұзақ ғұмыр және сәттілік тіледі.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі