А.Мерғалиев: «2019 жылдан бері сот жүйесі қарқынды өзгеруде»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Президенттің жақында «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатына өз пікірін білдірген Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев 2019 жылдан бері сот жүйесіндегі қарқынды өзгерістерге тоқталған.

Мемлекет басшысының саяси ерік-жігері мен қолдауының арқасында бұрын-соңды болмаған көптеген бастамалар мен батыл идеялар жүзеге асты. Оларды іске асыру арқылы жылдар бойы қалыптасқан соттар тәуелді және әрқашан мемлекеттік органдар жағында деген стереотиптерді жоюға мүмкіндік туды.

Реформалардың жалғасын тауып жатқаны – оларды және Жоғарғы Соттың бастамаларын талқылауға депутаттар, адвокаттар, практик-заңгерлер, ғалымдар, мемлекеттік органдардың өкілдері тартылғаны атап өтілген.

2023 жылы халықтың сот жүйесіне деген сенім деңгейі 55,2 пайызды құрағаны (2020 жылы ол көрсеткіш төмен болған) туралы Ұлттық статистика бюросының зерттеу нәтижелеріне тоқталған А.Мерғалиев: «Бізді біріктіретін мақсат – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғаудың сапасын арттыру және құқық үстемдігін қамтамасыз ету» деп атап өткен.

Мақаланың толық мәтіні:

https://kazpravda.kz/n/my-idem-v-pravilnom-napravlenii/?fbclid=IwAR0kunc9XPER1GBbAYY-EoyFvyhT01x1tIh7MP-jzA5Csjoj71tRpuQdDm8

 

 

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі