«Казахстанская правда» газетінің бүгінгі нөмірінде Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмидің мақаласы жарық көрді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Казахстанская правда» газеті өзінің ағымдағы жылғы 1 шілдедегі нөмірінде Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмидің «Реформы во благо страны и народа» атты мақаласын жариялады.

Бүгінгі таңда елімізде Мемлекет басшысы жариялаған «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Ұлт Жоспарының шеңберіндегі реформалар белсенді түрде іске асырылуда. Жоспардың «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» деп аталатын екінші бағытына сәйкес еліміздің сот-құқықтық жүйесінің даму мәселелері бойынша 19 мақсатты қадам көзделген.

Осы мақала шеңберінде автор сот жүйесін реформалау жұмысының барысы, алдағы өзгерістердің тәсілдері мен нақты тетіктері туралы әңгімелеген.

Қазіргі таңда еліміздің сот жүйесі құқық үстемдігін қамтамасыз ету мәселесінде өзінің жеткілікті деңгейдегі тиімділігін көрсетуде. Бұған бірқатар халықаралық индикаторлар дәлел болып табылады. Солардың арасында Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі шеңберіндегі соттардың тәуелсіздігінің тұрақты көрсеткіші (2011 жылдан бастап 25 позицияға жақсарды) және 2011 жылы Қазақстан Судьялар одағының Халықаралық судьялар қауымдастығына (судьялардың тәуелсіздігі мен соттар жұмысында құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған кәсіби ұйым) кіруін атап өтуге болады.

2015 жылы Қазақстан World Justice Project Халықаралық үкіметтік емес ұйымы құрған әлемдік рейтингтегі өзінің көрсеткішін 6 тармаққа (71-ден 65-ке дейін) жақсартты. Рейтинг мынадай негізгі сегіз көрсеткішке негізделген: билік институттары құзыретінің шектелуі, сыбайлас жемқорлықтың болмауы, тәртіп және қауіпсіздік, негізгі құқықтарды қорғау, билік институттарының ашықтығы, заңдардың сақталуы, азаматтық және қылмыстық сот төрелігі.

Бұл ақпарат республиканың бүгінгі күнге дейін сот жүйесін жаңғырту бағытының табысты жүзеге асырылғандығын көрсету мақсатында беріліп отыр. Тұтастай алғанда, бүгінде елімізде заңдардың орындалуын қамтамасыз ететін және заманауи құқықтық әрі демократиялық мемлекеттің барлық жалпыәлемдік стандарттарына сәйкес келетін жеткілікті деңгейдегі әлеуетті сот билігінің қалыптасқанын атап өткен жөн. Әрине, атқарылатын жұмыстар да аз емес, бірақ ең бастысы, қажетті іргетас қаланды, сот жүйесі қалыптасты.

Отандық сот жүйесінің қалыптасуы мен дамуын біз тікелей Мемлекет басшысының осы салаға деген айрықша көңіл бөлуімен байланыстырамыз. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде ол сот жүйесінің барлық мәселелерімен мән беріп, заманауи демократиялық әрі құқықтық мемлекет құрудың жалпыәлемдік озық тәжірибесіне сәйкес шын мәніндегі соттар тәуелсіздігін қалыптастырудың қолдаушысы болды.  Осы орайда барлығы: заңнама да, судьялардың құзыреті де, сот жүйесінің құрылысы да, судьялыққа үміткерлерді іріктеу жүйесі де назардан тыс қалған жоқ.

Мемлекет басшысы дамыған және ең бастысы дербес сот жүйесінсіз Қазақстанның қазіргі әлемде мемлекет ретінде қалыптаспайтындығын, экономикасы дамыған көшбасшы елдердің қатарына кіре алмайтындығын әрдайым нақты түсіне білді. Президент тұрақты түрде өткізілетін республика судьялары съездерінің шеңберінде еліміздің сот корпусымен ашық әрі әділ диалог жүргізіп келеді. Мұнда Мемлекет басшысы ұсынған барлық жаңашылдықтар талқыланып, жаңа міндеттер алға қойылып, сот билігін дамытудың жаңа басымдықтары айқындалып отырады.  

2013 жылғы қарашада өткен Алтыншы съезде Президент айқындаған жұмыстың негізгі басымдықтары айтылған ойымызды айқын дәлелдейді. Бүгінде олардың әрбірі бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Еске сала кетейік, бұл соттар қызметінің заңнамалық және іс жүргізу нормаларын жүйелі түрде жетілдіру, сот құрылысын дамыту, даулар мен шиеленістерді шешудің баламалы тәсілдерін енгізу, азаматтардың ауқымды бөлігінің сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз ету, Қазақстан сот корпусының кәсібилігін арттыру. Осы айтылған міндеттердің Ұлт Жоспарымен үйлесетіндігін атап өткен жөн. Бұл алда жүзеге асырылатын реформалардың ағымдағы мемлекеттік басымдықтарға және ел дамуының жаңа кезеңіндегі ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттіне сәйкес сот жүйесінің эволюциялық дамуының жалғасы болып табылатындығын айғақтайды.

Мақаланың толық нұсқасымен «Казахстанская правда» газеті сайтының http://www.kazpravda.kz/fresh/view/reformi-vo-blago-strani-i-naroda1/ сілтемесі бойынша таныса аласыздар.

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі