мақала

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы М.Әкетай: «Елбасы мақаласында прагматизмді, ашықтық пен бәсекеге қабілеттілікті рухани жаңғырудың бағыттары ретінде көрсетті»

25/04/2017

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай судьялардың қатысуымен кеңес өткізіп, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының мазмұны терең және көлемі ауқымды бағдарламалық құжат екендігін атап өтті.

«Егемен Қазақстан» газетінде Жоғарғы Сот Төрағасының «Тәуелсіз елдің тұғырнамасы» атты мақаласы жарияланды

26/08/2016

«Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі нөмірінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәмидің «Тәуелсіз елдің тұғырнамасы» атты мақаласы жарияланды. Мақала ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай ашылған «25 жылдың 25 сәті» атты арнайы айдар шеңберінде жарық көрді.

Автор мақалада тәуелсіз Қазақстан дамуындағы Конституцияның әлеуетін саралап, отандық сот жүйесінің даму үрдісі туралы келелі ойларымен бөліскен.

Ресейлік заң журналы ювеналдық сот судьясының мақаласын жариялады

18/02/2016

Екатеринбург қаласында шығатын «Ресей заң журналының» 2015 жылғы алтыншы нөмірінде Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Марина Иванованың мақаласы жарияланды.

«Время» газетінде Ұлт Жоспарын іске асыруда сот жүйесінің ағымдағы жұмысы туралы Қ. Мәмидің сұхбаты жарық көрді

08/10/2015

«Шаги к верховенству Закона» атты сұхбатында Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Әбдіразақұлы Мәми «100 нақты қадам – баршаға бірдей осы заманғы мемлекет» атты Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде сот жүйесіндегі елеулі өзерістер туралы айтып берді.

«Казахстанская правда» газетінің бүгінгі нөмірінде Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмидің мақаласы жарық көрді

01/07/2015

«Казахстанская правда» газеті өзінің ағымдағы жылғы 1 шілдедегі нөмірінде Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмидің «Реформы во благо страны и народа» атты мақаласын жариялады.

Бүгінгі таңда елімізде Мемлекет басшысы жариялаған «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Ұлт Жоспарының шеңберіндегі реформалар белсенді түрде іске асырылуда. Жоспардың «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» деп аталатын екінші бағытына сәйкес еліміздің сот-құқықтық жүйесінің даму мәселелері бойынша 19 мақсатты қадам көзделген.

«Казахстанская правда» газетінде Жоғарғы Сот судьясы Ұ.Сүлейменованың «ГПК: новая редакция» атты мақаласы жарияланды

04/05/2015

Мақалада жаңа редакциядағы Азаматтық процестік кодекс жобасын (бұдан әрі – АПК жобасы) қабылдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар баяндалған. Еске сала кетейік, бұл жұмыс 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын және 2013 жылғы қарашадағы Судьялардың VI съезінде Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді орындау шеңберінде жүргізілуде.