АПК

Батыс Қазақстан облыстық сотының судьялары соттардың істерлді оңайлатылған тәртіппен қарау мәселелерін талқылады

24/05/2017

Батыс Қазақстан облыстық соты Азаматтық процестік кодекстің 434-бабының 2-бөлігіне сәйкес республика соттарының кассациялық тәртіппен қайта қарауға жатпайтын істерді қарауының сот практикасы туралы Жоғарғы Соттың қорытуын зерттеу жөнінде облыс судьяларымен семинар өткізді.  

Қорыту құқық қолдану практикасында туындайтын өзекті мәселелерді анықтау және мұндай істерді қарау кезінде жоғары тұрған сот сатылары тарапынан соттардың процессуалдық заң нормаларының сақталуын бақылау мақсатында облыстық соттардың анықтамалары негізінде жүргізілген.    

Ақтөбе облыстық сотында оңайтылған іс жүргізудің тиімділігін атап өтті

03/05/2017

Ақтөбе облыстық сотында «дөңгелек үстелге» қатысушылар оңайлатылған және бұйрық арқылы іс жүргізудің тиімділігі туралы атап өтті.

Талқылауға судьялар, банк мекемелері, коммуналдық қызмет, мемлекеттік органдарының, соынмен қатар «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Жаңа Азаматтық процестік кодексті қолданып судьяның жүргізген алғашқы медиациясы

06/01/2016

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында судьяның қатысуымен дауды (жанжалды) медиация тәртібімен  реттеу туралы келісім бекітілді.

Азаматтық іс бойынша тараптар «Ай-Ти-Си-Электроникс-Казахстан»  ЖШС-нің  «Кэмонт» АҚ-нан ақша қаражатын, айыпақыны өндіру туралы талап арызымен жүгінген, дауды өз құқықтарын пайдалана отырып, судьяның қатысуы арқылы медиация  тәртібінде реттеуге ниет білдірген.

Семейде АПК-ның жаңашылдықтары бойынша өңірлік семинар өтті

04/12/2015

Семей қалалық сотында «Жаңа Азаматтық процестік кодексті талқылау» тақырыбында семинар  өтті.

Семинарға Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары, Семей, Өскемен, Курчатов қалалық соттарының, Абай, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма аудандық соттарының, Жарма аданының №2 сотының  төрағалары мен судьялары, сондай-ақ  БАҚ-ның өкілдері қатысты.

Атырауда жаңа редакциядағы АПК жаңашылдықтарын талқылау бойынша өңірлік «дөңгелек үстел» өтті

27/11/2015

Атырау облыстық сотының Оқу орталығында «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің жаңашылдықтары» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Аталған іс-шараға облыстық соттың төрағасы М.Бектұрғанов төрағалық етіп, облыстың азаматтық істерді қарауға мамандандырылған судьялары мен прокуратура қызметкерлері мен адвокаттар қатысты.

Павлодарда «Жаңа редакциядағы Азаматтық процестік кодекстегі жаңашылдықтарды талқылау бойынша өңірлік семинар жұмысы басталды

26/11/2015

Бүгін Павлодар қаласында «Жаңа редакциядағы Азаматтық процестік кодекстегі жаңашылдықтар. Қолдану мәселелері»  тақырыбында екі күндік өңірлік семинар өтуде.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ұ.Сүлейменова, Павлодар облыстық сотының төрағасы М.Смағұлов, Қазақстан Республикасындағы Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қауымдастығының халықаралық сарапшысы Г.Шнитгер, ұлттық сарапшы И.Қуанова, республиканың облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттарының судьялары қатысты.

Жамбыл облыстық сотында жаңа Азаматтық процестік кодексті Ұлт Жоспарын іс жүзінде жүзеге асырылуын зерттелді

18/11/2015

Бүгін Жамбыл облыстық сотында «Жаңа Азаматтық процестік кодексті Ұлт Жоспары» іс жүзінде жүзеге асыру ретінде» тақырыбында баспасөз мәжілісі өтті.

Іс-шараға спикер ретінде Жамбыл облыстық сотының судьялары Гүлнар Сыздықова, Динара Нұрлыбаева, Дінмұхаммед Әзіретқұлов, Тараз қалалық сотының судьясы Жанна Абаева, Жамбыл облыстық сотының кеңсе басшысы Әбдіжами Құлдүйсенов қатысты.

Жаңа редакциядағы АПК мәселелері бойынша онлайн-конференция өтті

11/11/2015

«Bnews.kz» ақпараттық порталында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ұ.Сүлейменованың қатысуымен «Бес институционалдық реформаны іске асыру шеңберінде жаңа Азаматтық процестік кодекстің қабылдануы» тақырыбында онлайн-конференция өтті.

Онлайн-конференция тақырыбы бойынша интернет тұтынушылардан сұрақтар алдын ала жиналды.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне қол қойды

31/10/2015

2015 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне қол қою рәсімі өтті. Мемлекет басшысы бүкіл халқымыз үшін құжаттың мәні зор болуына байланысты заңға қол қою тұңғыш рет жария түрде өткізіліп отырғанына назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ осы рәсімге БАҚ өкілдерінің қатысуы жаңа Кодекстің мәні мен маңызын халыққа кеңінен түсіндіруге мүмкіндік беретінін айтты.

Жаңа редакциядағы Азаматтық процестік кодекс Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде қабылданды

23/09/2015

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Қазақстан Республикасының жаңа редакциядағы Азаматтық процестік кодексінің жобасы және оған ілеспе заңның жобасына Парламент Сенаты енгізген түзетулер қабылданды.

Жобалар Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы судьяларының VI-съезінде процеске қатысушылар үшін азаматтық істерді қараудың ыңғайлы және жедел тәртібін қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.

Беттер