Ата-ана құқығынан айыру туралы талап арыздардың саны көбеюде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Соңғы кезде соттарда ата-аналарының өз балаларына қатысты ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап арыздардың түсуі көбейіп келе жатыр. Мәселен, Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 2013 жылдың 9 айында ата-ана құқықтарынан айыру туралы 149 талап арыз түскен болса, ал  2014 жылдың 9 айында түскен талап арыздар саны 169-ға жеткен.

Сот ата-ана құқықтарынан айыру барысында жауапкерді (ата-ананы) және мүдделі тұлғаларды, егер олар өздерінің тәртіптерін, өмірге және баланы тәрбиелеуге деген көзқарастарын түбегейлі өзгертетін болса,  ата-аналық құқықтарын қайта  қалпына келтіруге болатыны туралы ескертеді.

Өкінішке орай, ата-аналардың барлығы бірдей ата-аналық құқықтарын қалпына келтіруге тырыспайды.  2014 жылдың 9 айында ата-аналық құқықтарын қалпына келтіру туралы небәрі 18  талап арыз ғана түскен. 

Источник: 
Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты