Алматыда сот жауынгер-интернационалист, мүгедектің құқығын қайта қалпына келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына талапкер Х. Алматы қаласының Әкімдігіне, «Алматы қ. тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы» КММ-не арызымен жүгінген.

Талап арыздың мәні - ІІ-топ мүгедектің, «Ұлы Отан Соғысына қатысушылар мен мүгедектерге теңестірілген тұлғалар» санаты бойынша жауынгер-интернационалисттың Бостандық ауданы Әкімінің шешіміне сәйкес үйге кезекке тұру кезеңін 2009 жылдың 15 желтоқсан айынан 2014 жылдың 6 маусым айына ауыстыру туралы 11 қараша 2016 жылғы қала Әкімдігі тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп тану. Сонымен қатар, соттан «Алматы қ. тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясының басқармасы» КММ-нен жол берілген бұзушылықтарды реттеуді және кезекті қалпына келтіруді сұрады.

Сот талапкер Х-ң талаптарын ішінара қанағаттандырды. Сот Алматы қаласы Әкімінің кезекті ауыстыру туралы шешімін заңсыз деп танып, Алматы қаласы Әкімдігін Х-тың құқығының, заңды мүддесінің бұзушылықтарын жоюды міндеттеді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі