Алматыда сот жалақы өндіру бойынша жұмысшының құқықтарын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы қаласы Алмалы ауданының №2 аудандық сотында талапкер Ш-ның жауапкер «ОРДА-КК» ЖШС-нен жалақы қарызын өндіру туралы талап арызына сәйкес азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында тараптардың еңбек қатынасында болғандығы анықталды, талап қоюшы бухгалтер қызметін атқарған. Жауапкер талап қоюшыға екі айлық жалақы қарызын төлемей, еңбек заңнамасының талаптарын бұзғандығы туралы анықталды. Жауапкердің талап қоюшыға жалақы төлемеуіне байланысты кінәсі толығымен дәлелденді.

Сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, жауапкерден талап қоюшының пайдасына 560 000 теңге көлеміндегі жалақы қарызы өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі