Алматыда профессор Рольф Книпердің 75 жас мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматыда жыл сайынғы цивилистикалық оқылымдар шеңберінде өткізілетін профессор Рольф Книпердің 75 жас мерейтойына арналған «Азаматтық құқығындағы жарамсыз мәмілелер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Форумда Каспий университетінің ректоры Жолдасбек Нүсенов, Алматыдағы Ренате Шимкорайт Федеративтік Германия Республикасының Бас консулы, Қазақстандағы халықаралық ынтымақтастық бойынша Германдық қоғамның (GIZ) өкілдігінің басшысы, «Орталық Азия елдеріндегі құқықтық мемлекеттілікке көмек беру» жобасының басшысы, Йорг Пуделька (Германия), Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңестің төрағасы Игорь Рогов, Қазақстан Республикасының Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдина, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Дүйсен Тұмабеков сөз сөйледі.

Каспий университетінің жеке құқықтың ҒЗИ директоры Майдан Сүлейменов азаматтық құқықтағы жарамсыз мәмілелер: теория мен тәжірибенің мәселелері және Бремендік университетінің профессоры, Каспий университетінің құрметті профессоры Книпер Рольф: құқықтық мәмілелер жарамсыздығының кейбір аспектілері, Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның және басқа да елдердің ғалымдары туралы ғылыми баяндама жасады.

Конференцияда Қарағанды облыстық сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков «Жарамсыз мәмілелер: Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының заңнамалары мен сот тәжірибесін салыстыру талдауы» тақырыбында баяндама жасады. Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап құқықтың жеке, дара жүйесін қалыптастыру белгілерін көрсету мақсатында және ұлттық ерекшеліктер түріндегі заң доктринасы, заңнама мен тәжірибе кейбір тәсілдерден кете бастағанын айтты. Ол тәсілдер қазіргі заманғы ресейлік құқықтық жүйеге ұқсас бұрын енгізілген және қалыптасқан болатын. Сонымен қатар, континенталды құқықтық дәстүрлерге негізделген көптеген ресейлік құқықтық институттарының енуі және оларды бекітуі Орталық Азия және Қазақстанмен шектелмегені жеткіліксіз ескерілгенін, сондай-ақ Моңғолия, Қытай, Солтүстік Корея, Вьетнамды және басқа да елдерді қозғағандығын атап өтті. «Аталған позицияны анық және жарқын көрсетуі даусыз мәмілелер институтын реттейтін және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде бекітілген нормалардың бар болуы мен әрекет етуі болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Азаматтық кодексін оларды талдау процесі кезіндегі көзбе-көз салыстыру кезінде айқын көрінеді», - деді М. Әлімбеков.

Кездесуге қатысушылар баяндама тақырыптары бойынша пікір алмасты.

Источник: 
Қарағанды облыстық сотының баспасөз-қызметі