Алматы облыстық сотында бітімгершілік рәсімдер институтын дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облыстық соты үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, «дөңгелек үстел» өткізіп, оның шеңберінде соттарда жаңа технологияларды және медиация рәсімдерін қолдану мәселелерін талқылады.

«Дөңгелек үстел» жұмысына БАҚ-пен өзара іс-қимылға жауапты үйлестіруші-судьялар, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының өкілдері, Кәсіпкерлер палатасы, «І.Жансүгіров атындағы ЖМУ студенттік жастар одағы» жастар қоғамдық бірлестігі, «Қарлығаш» әйелдерге құқықтық білім беру консультациялық орталығы», Халықаралық құқық қорғау орталығы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Жас Отан» жастар бірлестігі, халыққа қызмет көрсету орталығы және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесуді аша отырып, облыстық сотының судьясы Нұргүл Жекенова ҮЕҰ-ның соттармен өзара іс-қимылының маңыздылығын, бітімгершілік рәсімдерді дамыту және медиацияны жандандыру қажеттігін, Ұлт  Жоспарының сот-құқықтық реформаларын іске асырудың қорытындыларын мәлім етті.

Алматы облысы соттар әкімшісінің басшысы Манас Бурашев «Сот кабинеті» электрондық сервисінің жұмысын толығырақ түсіндіріп өтті. Ал, кеңсе меңгерушісі Ерлан Қоңыров құжаттарды қабылдау сәтінен бастап, түпкілікті сот шешімі шығарылғанға дейін  сот жүйесіндегі жаңа ақпараттық технологияларды  қолдану процесін  көрнекі түрде  көрсетті. Аудио-, бейнетіркеу жүйесіне, СМС-жіберу жұмысына ерекше көңіл бөлінді.

Өткізілген  шара аясында Алматы облыстық соты мен «Халықаралық құқық қорғау орталығы» АҚ арасында бітімгершілік рәсімдер институтын  дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Кездесу барысында «дөңгелек үстелге» қатысушылар мен спикерлер арасында сындарлы диалог орнап, олар азаматтардан бітімгершілік рәсімдеріне қатысты өтініштердің жиі түсетіндігін ескере отырып, медиация институтын дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Источник: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі