Алматы облыстық соттары 2016 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмысын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облыстық сотында 2016 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылауға арналған кеңейтілген кеңес өтті.

Кеңес жұмысына Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі Ардақ Балағұмарова, Алматы облыстық сотының төрағасы Мейрамбек Таймерденов, өңірдің судьялары, облыс Соттар әкімшісінің басшылығы қатысты.

Облыстық сот төрағасы Мейрамбек Таймерденов Ұлт Жоспарындағы Жоғарғы Соттың орындауына бекітілген барлық 11 қадам іске асырылды. Сот отырыстары залдарын аудио-, бейне жазба жүйесімен жабдықтау жеке қадаммен бекітілген. Бүгінгі күні облыс соттарының сот залдары 90 %-ға аудио-, бейне жазба жүйесімен жабдықталған. Алматы облысының соттары Жоғарғы Соттың рейтингі бойынша медиацияны елде дамыту және қолдану бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады.

Бірінші және апелляциялық сатыдағы сот төрелігін жүзеге асыру сапасы туралы сот алқаларының төрағалары Советхан Сәкенов пен Қалдарбек Досымбеттің баяндамалары тыңдалды.  

Статистикалық деректерге сәйкес 2016 жылдың 6 айында облыс соттарына 2 259  қылмыстық іс түскен, соның ішінде 2313 іс қаралып біткен. (2015 жылдың осы кезеңінде 1750 іс аяқталған).

Өткен жылы үкім шығара отырып 895 іс қаралса, 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында 1 121 іс қаралған. Барлығы 1273 тұлға сотталған, соның ішінде 372 адам немесе 29,2 % бас бостандығынан айырылды. 2015 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда барлығы 1028 тұлға сотталған, соның ішінде 357 тұлға немесе 34,7 % бас бостандығынан айырылды.  

Биылғы жылы қаралған азаматтық істердің саны азайғаны байқалды. Атап айтқанда, 2016 жылдың 6 айында аудандық соттарға 20 490 іс түскен (2015 жылы 21 740 іс). Оның ішінде өткен жылы 19 237 іс аяқталса, биыл 18 639 іс жүргізумен аяқталған.

Есептік кезеңде 1 343 іс өндіріспен қысқартылды (2015 жылдың бірінші жартыжылдығында - 806), соның ішінде бітімгершілік келісім жасасуына  байланысты 60 іс қысқартылды (2015 жылдың бірінші жартыжылдығында  – 157), медиация тәртібімен аяқталған істер 795 (2015 жылдың бірінші жартыжылдығында – 344), партисипативтік рәсім тәртібімен барлығы 3 қылмыстық іс аяқталған.

Сырттай іс жүргізу тәртібімен аяқталған істердің  саны айтарлықтай азайды. Осы жылы 54 іс бойынша сырттай шешім шығарылған. Ал, 2015 жылы 760 іс сырттай шешім шығарылған.

Облыс соттары жыл басынан бері 3120 азаматтық іс жеңілдетілген іс жүргізу тәртібімен қарады (2015 жылы 1 635 іс).

Әкімшілік жаза қолданылған істер саны – 8979 іс, соның ішінде органның әрекеттеріне шағымдану туралы (лауазымды адамның),  органның (лауазымды тұлғалар) қаулыларын қайта қарау. 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 335 іске азайған.

Ардақ Балағұмарова өз баяндамасында судьялыққа үміткерлерге ұлттық сот жүйесінің жаңғырту нәтижесінде қойылатын талаптар артты,  судьялардың кәсіби қызметін бағалау әр бес жыл сайын жүзеге асырылатындығын атап өтті. Сонымен қатар, кадрлық резервте тұрған жоғары сот қызметіне 17 үміткерлермен судьялармен және бос лауазымдарға орналасуға 6 судья байқауға қатысып, А.Балағұмарова олармен әңгімелесіп, сұхбат жұргізгенін айтты.

Кеңейтілген кеңес отырысын қорытындылай келе, облыстық сот төрағасы сот төрелігін жүзеге асырудың, судьялардың және кеңсе қызметкерлердің  кәсіби деңгейін арттыру, сондай-ақ  соттардың ашықтығы қамтамасыз етудің сапасын арттыру бойынша нақты міндеттер қойды.

М.Таймерденов судьялардың VII съезіне дайындық  жұмыстыры туралы айтып кетті.

Қайнар: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі