Ақмола облыстық сотының судьялары «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңды қолдану мәселелері талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын қолдану мәселелері бойынша өткізілген "дөңгелек үстелге" облыстық соттың судьялары, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары, прокуратура, облыстық әкімдік, Ақмола облысы бойынша кәсіпкерлер палатасы және қаржылық бақылау инспекциясының өкілдері қатысты.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жанна Бердіғұлова өз сөзінде соттардың басты мақсаты – заң үстемдігін қамтамасыз ету деп атап өтті. Ж.Бердіғұлова «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның басты қағидасы отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету болып табылады деді. «Заң Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі Шартқа сәйкес әзірленген. Оның аясында шетелде шығарылатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге және осындай тауарларды, жұмыстарды, отанымызда шығарылатын тауарлармен, мемлекеттік сатып алуға қатысуға рұқсат беруді көздейді», - деді. "Дөңгелек үстелдің" басты мақсаты мемлекеттік сатып туралы Заңды дұрыс қолдану және кәсіпкерлік қызметті қорғауды талқылауға бағытталған деп атап өтті.

Кездесуде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңды қолдану мен сот тәжірибесі мәселелері бойынша облыстық соттың судьясы Р.Ертаева және экономикалық соттың судьялары Р.Рахманбердиев, А.Жүнісова сөз сөйледі.

Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша Ақмола облысы прокурорының көмекшісі Н.Пустовит, кәсіпкерлер палатасының құқықтық мәселелері бойынша директордың орынбасары В.Геращенко, Ақмола облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының бас маманы Д.Бегалин және облыстық әкімдіктің өкілі В.Григорьева өз ойларын айтты.

«Дөңгелек үстел» қатысушылары мемлекеттік сатып алу туралы дауларды шешу кезінде туындайтын өзекті мәселелер және заңнама нормаларын қолдану, мемлекеттік сатып алуды іске асыру кезінде жиі кездесетін бұзушылықтарды талқылады.

Кездесу барысында Ақмола облыстық сотының судьясы Самат Жанұзақов "дөңгелек үстелге" қатысушылардың мәселелеріне жауап беріп, жұмысты қорытындылады.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі