Батыс Қазақстан облыстық соты

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Жұмағұлов Тасқала ауданының тұрғындары мен қоғам белсенділерімен кездесті

25/09/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Тасқала ауданына жұмыс сапары барысында оның тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге аудан әкімі, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары, депутаттар, ҮЕҰ, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері, құқық  қорғау өкілдері, ауыл ақсақалдары, Тасқала, Амангелді, Ақтау, Мереке, Шежін, Қосшы, Мерей, Достық, Қазақстан ауылдық округтерінің  кәсіпқой емес медиаторлары және БАҚ өкілдері қатысты.

Батыс Қазақстан облысында өңірдегі жеке сот орындаушылардың атқару әрекеттерін орындаудан бас тарту себептері талқыланды

14/09/2017

Оралда «Жеке сот орындаушылардың сот актілерін орындау мәселелері» тақырыбында өткен «дөңгелек үстелге» қалалық және мамандандырылған соттардың кеңсе меңгерушілері, прокуратура, жеке сот орындаушылар палатасы мен Әділет департаментінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар «Төрелік» жүйесіндегі Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (АІЖ ОААЖ) бағдарламасы бойынша электронды атқару құжаттарын жолдау барысында туындайтын түйткілді мәселелерді талқылады.

Орал қаласында қылмыстық істерге қатысты тұрғындардың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету және бітімгершілік рәсімдердің қолданыс аясын дамыту бағытында бес жақты меморандумға қол қойылды

07/09/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотында сотқа дейін тергеп-тексеру бойынша іс жүргізу  кезінде тұрғындардың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету бойынша, сонымен қатар, өзара қарым-қатынасты жан-жақты нығайтып дамытуды және дауларды сотқа дейін реттеу институтын сәтті енгізу мақсатында бес жақты өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Оралдағы екі сотта сот органдарының электрондық сервистеріне қолжетімділік үшін мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша мобильді ХҚКО іске қосылды

05/09/2017

Жоғарғы Соттың Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен және Мемлекеттік корпорациясымен бірлескен іс-қимылы нәтижесінде «Азаматтарға арналған Үкімет» пилоттық жобасының шеңберінде соттарда азаматтарға электронды санды қолтаңба (ЭСҚ) беру ісін оңайлату мақсатында Батыс Қазақстан облысының екі сотында: Орал қаласының №2 соты және мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында мобильді ХҚКО бөлімшесі ашылды.

Орал қаласында облыс судьялары банкроттық туралы азаматтық істі тәжірибеде қарауды талқылады

31/08/2017

Оралда «Банкроттық туралы азаматтық істерді тәжірибеде қарау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Шараға БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары (әрі қарай - БҚО МАЭС), прокуратураның, облыстық мемлекеттік кірістер Департаментінің және БАҚ өкілдері қатысты.

Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстық соттарында медиация мен сот актілерін орындау мәселелерін дамытуды талқылады

17/07/2017

Ақтөбе облыстық сотында медиацияны дамыту мәселелрі талқыланды.

«Дөңгелек үстел» жұмысына облыс судьялары, медиаторлар, нотариустар, білім беру басқармасының өкілдері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, үкіметтік емес ұйымдар, банктер мен коммуналдық қызметтерінің, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Оралда сот балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушісінің баспана алу құқығын қалпына келтірді

10/07/2017

Орал каласынын №2 сотына қала тұрғыны Орал қаласы әкімінің мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегін қалпына келтіруден бас тарту бөлігін заңсыз деп тану және мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегін қайта қалпына келтіру туралы талап арызбен жүгінді.

Батыс Қазақстан облыстық соты «Жайықмұнай» ЖШС-нен мемлекет кірісіне 350 миллионнан астам теңге өндіру туралы сот қаулысын өзгеріссіз қалдырды

19/06/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы монополияға қарсы заңнаманы бұзған үшін ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабының 3-бөлігі бойынша «Жайықмұнай» ЖШС-ні кінәлі деп тану туралы Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысын өзгеріссіз қалдырды.

Беттер