Оралда сот балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушісінің баспана алу құқығын қалпына келтірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал каласынын №2 сотына қала тұрғыны Орал қаласы әкімінің мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегін қалпына келтіруден бас тарту бөлігін заңсыз деп тану және мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегін қайта қалпына келтіру туралы талап арызбен жүгінді.

Сот талапкердің 1967 жылдан бастап 1975 жылга дейін Круглоозерный ауылының балалар үйінде тәрбиеленгенін анықтады. 1987 жылдың мамыр айында атқару комитетінің №1284 шешімімен тұрғын үйге мұқтаж есебіне қабылданған. 1988 жылғы 13 қазандағы тұрғын үй-тұрмыстық комиссиясының жауабына сәйкес 1988 жылдың 1 қаңтар күніне талапкердің кезек номері 777  болған. Куәліктің сыртқы бетінде өтініш берушінің 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011 жылғы 27 қыркүйекке дейін №124-ші болып кезекте тұрғандығы туралы дерек бар. Алайда, Орал қаласының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы және тұрғын үй инспекциясының 2017 жылғы 7 маусымдағы жауабына сәйкес, талапкер тұрғын үйге мұқтаж тізімінде тұрмайтындығы, өйткені «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес 1997 жылы тиісті санатқа ауыстыру туралы жазбаша өтінішпен жүгінбегендігі көрсетілген.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 117-бабының 1-бөлігіне сәйкес, осы Заң қолданысқа енгізілген уақытта тұрғын үйге мұқтаж есебіне тіркелген азаматтар сол тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу құқығын сақтап қалады.

Қазіргі уақытта, талапкер мемлекеттік қордан баспанамен қамтамасыз етілмеген, тұрғын үй құқығы тізілімінен алып тастау кезінде де, сот талқылауы  уақытында да тұрғын үй алу құқығын жүзеге асырмаған.

Жауапкердің әрекеттері қолданыстағы заңнамаға қайшы келіп, талап қоюшының құқықтарын бұзғандықтан, сот жауапкердің мемлекеттік тұрғын үй алу кезегін қалпына келтіруден бас тарту бөлігін заңсыз деп танып, талапкердің мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегін қалпына келтіру туралы талабын қанағаттандырды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі