Батыс Қазақстан облыстық соты

Қашықтан байланысу құралын қолдану сот төрелігіне қолжетімдікті жеңілдетеді

06/02/2019

Батыс Қазақстан облысының соттарында жаңа жылдың өткен айы ішінде бейнеконференц байланысты қолдана отырып 90 іс пен материалдар (2018 жылдың қаңтарында – 25) қаралды. Сот процестеріне қатысушылар жеке себептерге байланысты әр түрлі жерлерде болып, БКБ және «TrueConf» ұялы қосымша арқылы істің тыңдауы жүріп жатқан бір online-конференцияға қосылған.

Электрондық сот ісін жүргізудің ерекшеліктері

31/01/2019

Батыс Қазақстан облысының соттары 2017 жылдың шілдесінен бастап азаматтық істер бойынша сот бұйрығын шығару туралы арыздарды қараудың, ал 2018 жылдың наурызынан бастап – істерді оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қараудың электрондық формасына көшті. Электрондық сот ісін жүргізу арызды беру мен тіркеу сатысынан бастап заңды күшіне енген сот актісін орындауға жіберуге дейінгі аралықты қамтиды.

Істерді қараудың тәртібі ыңғайлы болуға, жылдам қаралатын істерден тұруға әрі тараптар татуласатындай болуға тиіс

28/01/2019

Батыс-Қазақстан облысының судьялары медиацияны дамыту және дауларды соттан тыс шешу жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді. Тұрмыс тіршілігінің әртүрлі салаларына татуластыру рәсімдерін енгізу шиеленісті жағдайлардың азаюына ықпал етіп, әдеттегідей, сот дауларының санын азайтады. 

IТ-қызметтер сотқа қолжетімділікті арттырады

24/01/2019

Бейнеконференцбайланыс Орал қаласы тұрғындары пайдаланатын IТ-сот жүйесі қызметі түрлерінің бірі болып табылады. Облыс соттары  қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер мен материалдарды қарау кезінде БКБ-ны жиірек пайдаланатын болды. Алыстатылған өзара іс-қимыл барлық процеске қатысушыларға артықшылық береді.

Орал қалалық сотында «Судья көмекшісі» пилоттық жобасы табыспен іске асырылуда

23/01/2019

Батыс Қазақстан облысының № 2 Орал қалалық сотында өткен жылдың қазан айынан бастап «Судья көмекшісі» пилоттық жобасы табыспен іске асырылып келеді. Төрағаның өкімі бойынша 8 судьяға 4 көмекші бекітілді. Олардың міндетіне адамның қадір-қасиеті мен ар-намысын және іскерлік беделін қорғау туралы, жер, еңбек даулары, зиян мен залалды өтеу, сондай-ақ мәмілелер жөніндегі істер бойынша сот актілерінің жобаларын әзірлеу міндеті кіреді. Көмекшілер атқарылған жұмыстары туралы апта сайын есеп жазып, ұсынып отырады.

«Отбасы соты» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде

21/01/2019

Қызылорда облыстық соты мен білім басқармасы мектеп оқушылары арасында «Менің отбасым» суреттер мен «Отан - отбасынан басталады» тақырыбына эссе жазудан байқауын өткізді.

Іс-шараға судьялар, ішкі істер органдарының, «Рухани жаңғыру» орталығының басшылары, білім бөлімдерінің мамандары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қоғамдағы дауласушылық деңгейін төмендету мақсатында

17/01/2019

Батыс Қазақстан облысының әкімі өз шешімімен Билер кеңесі туралы ережені бекітті, бұл ереже Өңір судьялары одағының «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасын іске асыру аясында әзірленген.

Ережемен Кеңестің негізгі міндеттері және оның қызмет тәртібіне қатысты мәселелер регламенттелген. Билер кеңесі ұлттық дәстүрлерді сақтау, қоғамның бірлігі мен толеранттығын қамтамасыз ету мақсатында ауылдық, селолық, кенттік, аудандық және қалалық әкімдіктер жанында құрылатын консультативтік-кеңесші орган ретінде айқындалған.

Оралдың «түнгі соты» 20 күннің ішінде 62 әкімшілік істі қарады

03/01/2019

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Түнгі сот» пилоттық жобасы шеңберінде 20 күннің ішінде 62 әкімшілік істі қарады. Оның ішінде 15 іс отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласына қатысты, ұсақ бұзақылықтар туралы 6 іс, жол-көлік оқиғалары бойынша 38 іс, 2 іс ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын орындамау туралы, 1 іс көлік құралын басқару, тап солай көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаю жағдайында болған адамның басқаруына беру туралы.

Орал қаласының кәсіпкерлері: дауды сотқа дейін реттеу уақыт пен қаражатты үнемдеді, ең бастысы – достық серіктестік қатынастарды сақтап қалды

26/12/2018

Батыс-Қазақстан облысының Мамандандырылған ауданарылық экономикалық соты Облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, «дөңгелек үстел» өткізді. «Дөңгелек үстелдің» қатысушылары сот жұмыстарының жаңа форматтарын енгізу бөлігінде заңнамаға түзетулер енгізу, басы артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелерін талқылады. 

«Дөңгелек үстелдің» жұмысына бизнес-қауымдастықтың өкілдері, адвокаттар мен медиаторлар қатысты. «Атамекен» ҰКП және Жоғарғы Сот арасында жасалған Жол картасын жүзеге асыру мақсатында жүргізілді.    

Оралда сот банктік қарыздар істері бойынша 20 бітімгершілік келісім жасады

14/12/2018

Орал қаласының №2 сотына екі күн ішінде 20 қала тұрғыны Банктерге банктік келісім шарттың ай сайынғы комиссия ұстау тармағының пунктін заңсыз деп тану және ұсталған комиссия соммасын өндіру туралы  талап арызбен  жүгінді.

Беттер