Батыс Қазақстан облыстық соты

Оралда әкімдік пен облыстық сот арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

22/04/2016

Орал қаласындағы Достық үйінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов пен облыстық соттың төрағасы Бек Әметов облыс әкімдігі мен облыстық сот арасындағы Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

БҚО-ның апелляциялық сот сатысы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық бойынша айыпталған бұрынғы екі мемлекеттік қызметшіге қатысты сот үкімін өзгеріссіз қалдырды

24/03/2016

Т.Нагибов Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің аға тергеушісі бола тұрып, қылмыстық іс бойынша тергеуге дейінгі өндіріс шеңберіндегі «Евразия строй капитал 2007» ЖШС-нің бухгалтерлік құжаттарын өзіне алып, құжаттарды делдал М.Сатыбалдиев арқылы, 15 000 АҚШ доллары (2 789 250 теңге) көлеміндегі ақшалай сыйақыға ЖШС директорының орынбасарына қайтарып берген.

Бек Әметов доғарыстағы судья және Қазақстанның самбодан он дүркін чемпионымен кездесті

19/05/2015

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов доғарыстағы судья Қуаныш Әбуовпен кездесті. Ол самбо күресінен спорт шеберлері арасындағы Қазақстанның он дүркін чемпионы. 69 жастағы спортшы осы спорт түрінен екі мәрте әлем чемпионы болған.

Қуаныш Әбуов Қазақстан чемпионатында аталған спорт түрі бойынша тағы бір мәрте өзінің артықшылығын дәлелдеді. Ол құрметті бірінші орынды иеленіп, ағымдағы жылғы күзде Израильде өтетін әлем чемпионатына жолдама ұтып алды.

Облыстық соттың судьялар құрамы толықты

08/07/2014

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов облыстық сот судьяларын Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 3 шілдедегі Жарлығымен таныстырды.

Осы Жарлық бойынша Идиров Ерлан Илишұлы мен Оразова Тұрсын Сапашқызы облыстық сотқа судья болып тағайындалды.

Беттер