Батыс Қазақстан облыстық соты

Батыс Қазақстан облыстық соты Банк салымшысының құқығын қорғады

24/02/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы азаматша Х-тің Банкі-нан депозит бойынша сыйақы өндіріп алу туралы талап арызы бойынша сот шешімін өзгеріссіз, жауапкер Банкі-ның апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.

Талапкер талап арызымен сотқа жүгініп, Банк тараптардың 12 ай мерзімге жасаған банктік салым шарттарын бұзып,  2011 жылдан бастап 2016 жылға дейін 2 333,77 АҚШ доллары мөлшеріндегі сыйақыны төлемеген деп есептейді.

Тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік қағидатын ұстану

17/02/2017

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ағымдағы жылы ӘҚБтК-нің 440 б. 4 б.  бойынша 26 әкімшілік іс қарады.

Әңгіме қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғу, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкен күйде жүрген тәртіп бұзушыларға қатысты. Сонымен бірге, аталған тұлғалар құқық бұзушылықтарын қайталап, бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жазаға тартылған. Бұл ретте құрамында спирт бар алкоголь өнімдерін - қонақта, мейрамхана және т. б. қолданғаны маңызды емес.

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Теректі ауданының тұрғындарымен кездесті

15/02/2017

Батыс Қазақстан облысты сотының төрағасы Б. Әметов Теректі ауданы әкімінің 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша тұрғындарға есеп беру кездесуіне қатысты.

Кездесуге облыс әкімі Алтай Көлгінов, жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, прокуратура және ішкі істер органдарының өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары,  қоғамдық кеңес, жергілікті атқару органдарының және мемлекетік емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, оқу орындарының басшылары, кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Б.Әметов Бөрлі және Шыңғырлау аудандарының тұрғындарымен кездесті

09/02/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов Бөрлі және Шыңғырлау аудандары әкімдерінің аудандардың 2016 жылғы әлеуметтік–экономикалық дамуы жөнінде тұрғындарға есеп беру кездесуіне қатысты.

Парламент Мәжілісінің депутаты Балайым Кесебаева Батыс Қазақстан облысының судьяларымен кездесті

07/02/2017

Парламент Мәжілісінің депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформалар бойынша комитетінің мүшесі Балайым Кесебаева жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысында азаматтық істерді қарауға мамандандырылған Орал қалалық №2 сотында болды. Мәжіліс депутаты өңірдің судьялар корпусына өзін таныстырып, облыс әкімінің орынбасары Марат Тоғжановтың қатысуымен Президенттің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын түсіндіру бойынша кеңес өткізіп, Президент, Үкімет және Парламент арасындағы билік өкілеттіліктерін қайта бөлудің мақсаттары туралы айтты.

Парламент Сенатының депутаты Б.Әйтімова Батыс Қазақстан облысының судьяларымен кездесті

03/02/2017

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі Комитетінің Төрайымы Бірғаным Әйтімова жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облыстық сотында болды.

Облыстық соттың алқа төрағасы Бақытбек Бегалиев мәртебелі қонақты судьялар корпусына таныстырып, арнайы келгені үшін мейманға алғысын білдіріп, сөз кезегін берді.

Батыс Қазақстан облыстық сотында 2016 жылы атқарылған жұмысы қорытындыланды

03/02/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотында алқа төрағалары мен облыстық сот судьяларының, аудандық, қалалық және мамандандырылған соттар төрағаларының, БҚО бойынша Соттар әкімшісі басшысының қатысуымен БҚО соттарының 2016 жылдың 12 айында атқарылған жұмыс қорытындыларына арналған кеңейтілген кеңес өтті.

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Б.Әметов Жаңақала ауданы әкімінің тұрғындарға есеп беру кездесуінде сөз сөйледі

03/02/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов Жаңақала ауданының әкімі Лавр Хайретдиновтың 2016 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша аудан тұрғындарына есеп беру кездесуіне қатысты.

Кездесуге сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов қатысты. Шараға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік органдардың, түрлі ұйымдардың, шаруа қожалықтарының басшылары, кәсіпкерлер және БАҚ өкілдері шақырылды.

Батыс Қазақстан облысында сот қоғамдық қордың ар-намысын, абыройын және iскерлiк беделiн қорғау туралы іс бойынша медиация келісімін бекітті

02/02/2017

Бөрлі аудандық соты қоғамдық қордың ар-намысы мен абыройын және iскерлiк беделiн қорғау туралы азаматтық іс бойынша  медиация келісімін бекітті.

Сот отырысында қоғамдық қордың өкілі қордың қайырымдылықпен айналысатынын, ал жауапкер азаматша Н. жергілікті газетте жарияланған өзінің сұхбатында қызына көмек көрсету үшін жиналған ақшалай қаражатты жауапкердің өз пайдасына жұмсағанын айтып, айыптаған.

Беттер