Батыс Қазақстан облыстық соты

Өңірде медиацияның даму мәселесі бойынша Орал қаласында медиаторлардың облыстық форумы өтті

16/04/2018

Батыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде «Батыс Қазақстан облысындағы медиация дамуының тиімді тәсілдері» тақырыбында медиаторлардың облыстық форумы өтті.

Іс - шараны Батыс Қазақстан облыстық соты ұйымдастырды.

Кездесудің мақсаты - Медиаторлар одағы түріндегі үйлестіруші орталық құру. Форум жұмысын БҚО ҚХА филиалы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов жүргізді.

Оралда сот еңбек дауын татуластыру рәсімдері арқылы шешіп, 28 келісімді бекітті

22/12/2017

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "SSWD" ЖШС оңалту басқарушысына қарсы 28 өтініш берушінің ұсынған талап-арызын қарап, іс бойынша барлық тарапты қанағаттандыратын келісімдерді бекітті.

Соттың 2015 жылғы 12 қарашадағы шешімімен ЖШС-нің банкрот деп танылғандығы анықталды.

Өтініш берушілердің аты-жөндері жалақы бойынша қарызды төлеу бойынша кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілді. 

Өскеменде және Оралда жер телімдерін алуға байланысты дауларды қарау мәселелері талқыланды

20/12/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев «Санкцияланбаған ғимараттарды бұзу, жер телімдерін алу, оның ішінде мемлекеттік қажеттілікке алумен байланысты дауларды қарау туралы сот практикасы» тақырыбында "дөңгелек үстел" өткізілді.

Батыс Қазақстан облыстық соты сот алқасының төрағасы А.Жұмағұлов ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамымен кездесті

11/12/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы  Ақан Жұмағұлов Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті мен Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттерімен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.

Іс-шараға оқытушы-профессорлар, доценттер, оқытушылар мен заң ғылымдарының магистрлері қатысты.

Оралда шартты түрде мерзімнен босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру институттарын қолдану мәселелері талқыланды

22/11/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотында «Шартты түрде мерзімнен босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру институттарын қолдану» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шара облыс прокуратурасымен бірлесіп ұйымдастырылды. Шараға облыстық сот төрағасы Бек Аметов, облыс прокуроры Сапарбек Нұрпейісов, қылмыстық істер қарауға маманданған судьялар, прокуратура өкілдері және облыстық Қылмыстық-атқару жүйесінің департаментінің басшысы Дмитрий Кобцев қатысты.

Батыс Қазақстан облыстық сотында судьяларға арналған семинар-тренинг өтті

23/10/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ақан Жұмағұлов қылмыстық істерді қарау мәселесі бойынша өңір судьялары үшін семинар-тренинг өткізді.

А.Жұмағұлов семинарды аша келе, іс-шараның сот төрелігінің сапасын арттыруға бағытталғанын, өз кезегінде ол сот беделін нығайтуға септігін тигізетінін атап өтті. 

Сот үйінде 402 ақбөкен мүйіздерін заңсыз сақтаған азаматтан 170 миллион теңгеден астам айыппұл өндірді

16/10/2017

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласының №2 сотына облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы Б-ға  келтірілген залалды өндіру туралы талап арызымен жүгінді.

Талапкер өз арызында Орал қалалық сотының үкімімен  қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкер кінәлі деп танылғанын, қылмыстық іс-әрекет жасау нәтижесінде мемлекетке 170 528 400 теңге көлемінде зиян келтіргенін көрсеткен.

Батыс Қазақстан облыстық соты мен прокуратурасы «Еңбек – пробациялық бақылаудың алғышарты» атты форум өткізді

11/10/2017

Іс-шараға облыс судьялары, әкімдік, прокуратура, пробация қызметінің, қылмыстық атқару жүйесі департаментінің, жұмыспен қамту орталығының, қоғамдық ұйымдардың, БАҚ өкілдері, сондай-ақ барлық аудандық соттар өкілдері бейнебайланыс арқылы қатысты.

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.Адранов Шыңғырлау ауданының тұрғындарымен кездесті

28/09/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайрат Адранов Шыңғырлау ауданында болған жұмыс сапары барысында сот ғимаратында «Ашық есік» күнін және жергілікті атқарушы орган, мемлекеттік мекемелердің, құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді.

Іс шараға медиаторлар,  адвокаттар, жергілікті тұрғандар, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Батыс Қазақстан облыстық соты тараптардың шағымы бойынша азаматтық істерді қайта қарап, екі іс бойынша медиативтік келісім бекітті

27/09/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасы апелляциялық шағымдарды қарау нәтижелері бойынша медиация тәртібімен келісім бекітіп, екі іс бойынша өндірісті қысқартты.

Беттер