Батыс Қазақстан облыстық соты

Орал қаласында сот әкімдіктің пәтерді жекешелендіруден бас тартуын заңсыз деп таныды

30/11/2018

Сот Орал қаласы тұрғынының пәтерді өтеусіз беруден бас тарту туралы қала әкімінің әрекетін заңсыз деп тану туралы талап-арызын қанағаттандырды.

2011 жылы комиссия шешімімен талапкер У.-ға 2011 жылғы су тасқыны салдарынан бұзылған үй үшін өтемақы ретінде ақысыз жекеменшік құқығымен тұрғын үй берілген болатын. Алайда, 2018 жылдың маусым айында комиссияның шешімімен пәтерді жекешелендіруден бас тартылды.

Орал қаласында апелляциялық саты азаматтық іс бойынша дәлелдемелерді бұрмалау фактісін анықтады

23/11/2018

Батыс Қазақстан облыстық сотының сот алқасы іске қатысқан адамның азаматтық іс бойынша дәлелдемелерді бұрмалағанын анықтады. Осы факт Ж.-ның ЖК.-ге қойған талабы бойынша азаматтық істі апелляциялық тәртіппен қайта қарау барысында анықталды. Қойылған талап ЖК.-нің Банк алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтаруы мақсатында жалақы өндіруге қатысты болды.

Оралда сот оның іс-әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сотталушыны ақтады

22/11/2018

Әйел адам зейнетақы мен жәрдемақыларды беру бойынша функционалдық міндеттерін орындау кезінде бұрын танысы Т.-ға берілген өзіне тиесілі 5 000 теңгені қайтару мақсатында жаңылысып оның 10 000 теңгесін иеленді деп айыпталады.

Пилоттық жобалар соттардың күнделікті жұмысында кеңінен іске асырылуда

15/11/2018

Шымкент қалалық сотының төрағасы Ербол Рахымбеков пен қала полициясы департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов «Түнгі сот» пилоттық жобасын іске асыру жөнінде семинар-кеңес өткізді. Кеңес жұмысына судьялар мен полиция қызметкерлері қатысты.

Е. Рахымбеков өз сөзінде материалдық залал келтірілген жол-көлік оқиғаларының «Түнгі сот» пилоттық жобасы іске асырыла бастаған бес айдың ішінде сотта дереу қарала бастағанын атап өтті. Бұл сақтандыру төлемдерін жедел өтеуге мүмкіндік берді.  

Оралда батыс өңірі судьялары арасында құқықтық турнир өтті

05/10/2018

Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының судьялары кәсіби білімдерін құқықтық турнирде көрсетті. Іс-шара интерактивті оқыту, шешендік өнер және  судья риторикасы дағдыларын үйрету арқылы шығармашылық ойлау қабілетін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Батыс Қазақстан облыстық соты төрағасының м.а. Ақан Жұмағұлов, сайысқа қатысушы судьяларға сәттілік тілеп, оларды әрдайым білім алуға және өздерінің білім қорын байытып отыруға шақырды.

Оралда бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды тағайындау және орындау кезінде туындайтын мәселелер талқыланды

25/09/2018

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы Ақан Жұмағұлов бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындау және сотталғандардың қайталап қылмыс жасауларының алдын алу мәселелеріне жөнінде «дөңгелек үстел» өткізді.

Шараға қылмыстық істер қарауға мамандандырылған судьялар, прокуратура және қылмыстық-атқару жүйесінің өкілдері қатысты.

Оралда татуласу рәсімдерін дамыту мүмкіндіктері талқыланды

12/09/2018

Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов, «Бірлесе даму әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту» қоғамдық қорының президенті Нұргүл Карағойшина, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдері, қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақ комитетінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының филиалының, этно-мәдени бірлестіктердің мүшелері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар, ардагерлер кеңесінің төрағалары, мәслихат депутаттары, облыстың құрметті азаматтары, барлығы жүзден астам адам қатысты.

Алматы мен Оралда судьялар медиативтік және коммуникативтік дағдыларға даярлықтан өтті

25/07/2018

Семинарларды сот жүйесін одан әрі дамыту бойынша басым жобаларды іске асыру аясында Жоғарғы Сот, Ф.Эберт атындағы қордың өкілдігі, «Ел тірегі» шағын және орта бизнестің Қазақстандық қауымдастығы ұйымдастырды.

Оқытуды сарапшы-конфликтолог Меруерт Жүнісбек, шешендік өнер бойынша тренер Жанна Ибраева, сондай-ақ Жоғарғы Соттың судьялары өткізді.

 

Атырау мен Оралда Билер кеңесі құрылады

20/07/2018

Атырау облыстық сотында татуластыру рәсімдерін халық арасында кеңінен танытуға және Билер кеңесін құруға бағытталған сегіз жақты меморандум қабылданды.

Батыс Қазақстан облысында «Народный юрист» - «Халық заңгері» акциясы өтті

15/06/2018

Оралда «Народный юрист»- «Халық заңгері» акциясы өтті.

Акцияның ұйымдастырушылары – Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, қалалық сот және әділет департаменті – іс-шараға қатысуға барлық мемлекеттік органдарды және қаланың жалпы судьялық қауымдастығын тартты. Осылай іс-шараға Оралдың судьялары Сәуле Жұмабекова, Алтынай Сәулембекова және Гүлнар Гимадутдинова, сондай-ақ әкімдік пен әділет департаментінің өкілдері қатысты.

Беттер