Батыс Қазақстан облыстық соты

Оралда сот сегіз жүз миллионнан астам теңгені өндіру туралы талапты медиация рәсімі шеңберінде қысқартты

03/05/2017

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты талапкер "ҚазТрансГазАймақ" АҚ-ның "Жайықжылуқуат" АҚ-нан келісім-шарты бойынша тұтынылған газ үшін 821 539 525 теңге берешекті және 5 091 618 теңге тұрақсыздық айыбын өндіру туралы азаматтық істі медиация тәртібімен қысқартты.

Республика соттары құқықтық сауаттылықты арттыру шеңберінде іс-шаралар өткізуде

02/05/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов және судьялар Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде болды.

Кездесу барысында Б.Әметов ЖОО-ның профессорлық-оқытушылар құрамына және студенттерге «Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде сот жүйесін реформалау» тақырыбында дәріс оқыды.

Оралда сот лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша үкімі жарияланды

28/04/2017

Орал қалалық соты ҚР ҚК-нің 366 бабының 3-бөлігі, 4-тармағы, 189-бабының 3-бөлігі, 1,2 тармағы бойынша Батыс Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт  басқармасының басшысы Т.Шаяхметовке қатысты сот үкімін жариялады.

Батыс Қазақстан облысының судьялары нотариустердің атқару жазбасы институтын кеңейту мәселесін талқылады

07/04/2017

Батыс Қазақстан облыстық соты облыс судьяларының, Нотариалды палата және Әділет департаменті өкілдерінің қатысуымен нотариустердің атқару жазбасы институтын кеңейту мәселесі бойынша «дөңгелек үстел» өткізді.

Талқылау барысында қатысушылар  дауларды соттан тыс реттеуді дамыту, сот жүктемесін азайту мақсатында халыққа түсіндіру жұмысын жүргізу, соттарға түсетін даусыз талаптардың санын азайту жөніндегі мәселелерді қарады. Атап айтқанда, пилоттық жоба шеңберінде атқару жазбасы институтын қолдануды кеңейту мәселесі қаралды.

Батыс Қазақстан облыстық соты баланы асырауға алимент өндіру туралы дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеді

29/03/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы баланы асырауға алимент өндіру туралы талап арыз бойынша азаматтық істі партисипативтік рәсім тәртібімен қысқартты.

Іс материалдарына сәйкес, 2016 жылғы 23 қарашада Бөрлі аудандық соты талапкердің талаптарын қанағаттандырып, жауапкерден кәмелетке толмаған қызын асырауға жалақысының және өзге де кірісінің ай сайынғы ¼ бөлігі мөлшерінде алимент өндіру туралы сот шешімін шығарды.

Оралда сот 585 миллион теңге мөлшерінде қарызды өндіру туралы дау бойынша тараптарды медиация тәртібімен татуластырып, талапкерге 17 млн. теңгеден астам баж салығын қайтарды

18/03/2017

"ҚазТрансГазАймақ" АҚ-ы "Жайықжылуқуат" АҚ-нан 585 000 000 теңге (берешек сома) және 6 399 775 теңге (келісім-шарты бойынша тұтынылған табиғи газ үшін тұрақсыздық айыбы) өндіріп алу туралы талап арызымен Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінген.

Тәртіпсіздікке нөлдік шыдамдылық

06/03/2017

Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысының Зеленов аудандық №2 соты ұсақ бұзақылық жасаған азаматтарға қатысты 40 әкімшілік іс қарады.

Құқық бұзушылар қоғамдық орындарда бола тұра, жалпы пайдалану орындарын ластап,  төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдірген және қоғамдық тәртіпті бұзып, құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.

Соттың қаулысымен барлық 40 құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен кінәлі деп танылып, 27 тұлға әкімшілік қамауға алынып, 13 тұлғаға айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Батыс Қазақстан облыстық сотының алқа төрағалары Тасқала және Шыңғырлау аудандарының активтерімен кездесті

28/02/2017

Облыстық соттың алқа төрағалары Бақытбек Бегалиев және Мирамбек Нағашыбаев  Тасқала, Шыңғырлау аудандарында болған жұмыс сапарларында мемлекеттік мекемелердің және құқық қорғау органдарының басшыларымен, кәсіби және кәсіби емес медиаторлармен кездесу өткізді.

Батыс Қазақстан облысының соттарында кадрлық тағайындаулар болды

27/02/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотының алқа төрағалары Мирамбек Нағашыбаев пен Бақытбек Бегалиев жұмыс сапарларымен аудандарға шығып, мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарының басшыларының қатысуымен жиын өткізу барысында аудандық соттардың жаңа төрағаларын таныстырды.

Президенттің Жарлығымен Тасқала және Шыңғырлау аудандық соттарының төрағалары болып, бұрын Орал қалалық №2 сотының судьясы лауазымын атқарған Асланбек Дүйсенғалиев және Миржан Қадырбаев тағайындалды.

Оралда Жоғарғы Соттың бітімгершілік рәсімдерді одан әрі дамытуға арналған пилоттық жобасы ұсынылды

24/02/2017

Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық Үйінде Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметовтың, Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің және «Қазақстан медиаторлары Ассоциациясы» Халықаралық құқықтық қорғау орталығының бас директоры Жанділдә Жақыповтың қатысуымен «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Беттер