Оралда сот лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша үкімі жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қалалық соты ҚР ҚК-нің 366 бабының 3-бөлігі, 4-тармағы, 189-бабының 3-бөлігі, 1,2 тармағы бойынша Батыс Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт  басқармасының басшысы Т.Шаяхметовке қатысты сот үкімін жариялады.

Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, Т.Шаяхметов лауазымды тұлға бола тұра, аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімшелерінің өкілдерінен жұмыс барысында жалпы қамқорлық көрсету үшін делдал арқылы пара алған. Сонымен қатар, ол өзінің лауазымын пайдалана отырып, сеніп тапсырылған 1 475 000 теңгені құрайтын ақша сомасын жымқырған.

Сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы сотталушыға қатысты айыптау бабын өзгертіп, ҚР ҚК-нің 362 бабы 4-бөлігінің 3-тармағын қайта саралауды өтінді, яғни  өзi үшін пайда мен артықшылықтар алу, басқа адамдар мен ұйымдарға зиян келтiру мақсатында  лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану белгілерімен саралауды сұраған.

Орал қалалық сотының 2017 жылғы 27 сәуірдегі жылғы айыптау үкімімен Т.Шаяхметов ҚР ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағына сәйкес айыпты деп танылып, оның мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жаза түзеу колониясының жалпы режимінде өтелетін болады.

Сот үкімі заңы күшіне енген жоқ.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі