Батыс Қазақстан облыстық соты

Батыс Қазақстан облысында «Народный юрист» - «Халық заңгері» акциясы өтті

15/06/2018

Оралда «Народный юрист»- «Халық заңгері» акциясы өтті.

Акцияның ұйымдастырушылары – Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, қалалық сот және әділет департаменті – іс-шараға қатысуға барлық мемлекеттік органдарды және қаланың жалпы судьялық қауымдастығын тартты. Осылай іс-шараға Оралдың судьялары Сәуле Жұмабекова, Алтынай Сәулембекова және Гүлнар Гимадутдинова, сондай-ақ әкімдік пен әділет департаментінің өкілдері қатысты.

Оралда «Түнгі сот» пилоттық жобасы жүріп жатыр

04/06/2018

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған әкімшілік соты «Түнгі сот» пилоттық жобасы аясында (2018 жылдың 25-мамыры мен 1-маусымы) 46 әкімшілік іс қарады. Оның ішінде 19 іс - отбасы-тұрмыстық қатынастар саласына, 17 іс - ұсақ бұзақылыққа және 10 іс - жол-көлік оқиғаларына қатысты.

Оралда пенитенциярлық мекемелердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың заманауи тәсілдері талқыланды

31/05/2018

Батыс Қазақстан облыстық сотында «Пенитенциярлық мекемелердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мекемелерінің заманауи технологиялары, тетіктері мен ресурстары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға судьялар, Мемлекеттік қызмет істері бойынша және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу агенттігі департаментінің қызметкерлері, ҚАЖД, аймақтық арнайы мониторингтік топ мүшелері, «Адам құқықтары және заңдылық сақтау бойынша бюросы» ҚБ облыстық филиалының басшылығы және БАҚ өкілдері қатысты.

Орал қаласында әкімшілік істерді жедел қарау бойынша әрекеттестік туралы бесжақты Меморандумға қол қойылды

29/05/2018

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жедел қарау бойынша ынтымақтастық туралы бес жақты меморандумға қол қойылды.

Құжатқа Батыс-Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов, облыс прокурорының м.а. Тәжіден Найманов, облыстың жергілікті полиция қызметінің бастығы Манарбек Ғабдуллин, облыс бойынша адвокаттар алқасының төрағасы Ержан Қалиев және «БҚО Медиаторлар одағы» Қауымдастығының төрағасы Алуа Ракишева қолдарын қойды.

Оралда ювеналдық сот 14 жасар сотталушыға қатысты қылмыстық істі тараптардың татуласуына байланысты қысқартты

24/05/2018

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бөтеннің мүлкін ашық түрде тонады деп айыпталған кәмелетке толмаған сотталушыға қатысты қылмыстық істі қысқартты.

Жасөспірім маршруттық автобуста қасында тұрған жігіттен қоңырау шалу үшін деген сылтаумен ұялы телефонын сұраған, өз иелігіне алған соң, телефонмен бірге қашып, нәтижесінде жәбірленушіге 40 000 тенге материалдық залал келтірген.

Орал қаласында апелляциялық алқа тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтатты

05/05/2018

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Зеленов аудандық сотының үкімімен 23 000 теңгені ұрлағаны үшін 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталған азамат П-ға қатысты қылмыстық істі медиация тәртібімен тоқтатты.

Оралда татуласу кабинеті өз жұмысын бастады

04/05/2018

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы Қайрат Адранов Орал қаласының №2 сотының ғимаратында татуласу кабинетін ашу рәсіміне қатысты.

Ашылу салтанатына медиаторлар, заңгерлер, сотқа келушілер және олардың өкілдері қатысты.

Орал қаласында апелляциялық сатыдағы сот тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істі медиация тәртібімен тоқтатты

28/04/2018

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ұрлық және ұсақ жымқыру үшін Орал қалалық сотының үкімімен сотталған 20 жасар балаға қатысты қылмыстық істі медиация тәртібімен тоқтатты.

Іс материалдарына сүйенсек, сотталушы дүкендерге, дүңгіршектер мен дәріханаға заңсыз кіріп, сондағы кассалардан ақша және материалдық құндылықтарды ұрлап, жәбірленушілерге 300 000 теңге мөлшерінде материалдық залал келтірген.

Оралда ойын-сауық орталығы иесін ірі мөлшерде айыппұл төлеуге міндеттеді

21/04/2018

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ойын-сауық сауда орталығының иесін 2018 жылғы 27 желтоқсанындағы нұсқамасында көрсетілген өрт қауіпсіздігіне қатысты кемшіліктерді тиісті түрде жоймағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Оралда сот тұрғын үй комиссиясының пәтерді жекешелендіруге беруден бас тарту шешімін заңсыз деп таныды

18/04/2018

Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық № 2 соты қала тұрғынының Орал қаласының әкіміне, Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы және тұрғын үй инспекциясына қойған талап арызын қанағаттандырып, пәтерді жекешелендіруге беруден бас тарту туралы тұрғын үй комиссиясының шешімін заңсыз деп таныды.

Беттер