Республика соттары құқықтық сауаттылықты арттыру шеңберінде іс-шаралар өткізуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов және судьялар Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде болды.

Кездесу барысында Б.Әметов ЖОО-ның профессорлық-оқытушылар құрамына және студенттерге «Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде сот жүйесін реформалау» тақырыбында дәріс оқыды.

Облыстық сот төрағасы өткен жылы Қазақстанның сот жүйесін дамытудағы жаңа кезеңнің басталуымен сипатталатындығын, Ұлт жоспары тәжірибелік тұрғыдан іске асырылып, сот жүйесіне қатысты барлық жаңашылдықтар елімізде заңнамалық деңгейде қарқынды жүзеге аса бастағанын хабарлады. Ол еліміздің құқықтық алаңында болған түбегейлі өзгерістерге сәйкес, Президенттің мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу туралы тапсырмасына тоқталды. «Ұлт жоспарының 17-қадамына сәйкес, Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, соған орай, судья лауазымына үміткерлердің еңбек өтілі мен жасына қойылатын талаптар өзгертілгенін хабарлады.

Б.Әметов тыңдаушыларға Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының стратегиялық бағыттары жөнінде айтып, әрбір қазақстандық үшін мақаланың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде, Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мирамбек Нағашыбаев қылмыстық заңнамадағы жаңашылдықтар туралы әңгімеледі. Ол құзыретіне қарау, тінту, жеке тінту және алуды санкциялау мәселелері енген, тергеу судьяларының институтын күшейту туралы айтты. Сонымен қатар, оларға қылмыстық теріс қылық және келісімдік өндіріс ұғымы кіреді.

Сонымен қатар, судьялар корпусының спикерлері қатысушыларды жаңа нұсқадағы Судьялық әдеп кодексінің нормаларымен таныстырып,  судьялыққа үміткерлерді іріктеудің жаңа жүйесі және жұмыс жасап жүрген судьяларға қойылатын талаптардың күшейтілгендігі туралы айтты. Тыңдаушылар назарына «Сот жүйесі: кеше, бүгін, ертең» атты деректі фильм ұсынылды.

 

Жамбыл облыстық сотының бастамасымен М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Даулар және жанжалдарды баламалы тәсілдермен шешу» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

Алқа төрағасы Ж .Рүстембеков алғы сөзінде баламалы тәсілдер тараптардың татуласуына, олардың арасындағы шиеленіс деңгейін төмендетуге, осылайша қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын күшейтуге, қоғамның сот пен заңға деген құрметін қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігін атап өтіп, қатысушылардың назарына қазіргі күні облыс соттары Жоғарғы Сот іске қосқан медиация тәртібінде даулардың жеке санаттары бойынша дауларды (жан-жалдарды) сотқа дейінгі реттеуді енгізу жөніндегі пилоттық жобаның кең қолданылуы туралы айтты.

Жамбыл облыстық сотының судьялары Д.Әзіретқұлов пен Д.Нұрлыбаева азаматтық істер бойынша дауларды шешудің медиациялық рәсімдері туралы ойларымен бөлісті. Тараптар арасындағы дауды реттеуді медиация тәртібінде медиатор немесе тараптардың өтінішхаты бойынша судья жүзеге асыратындығы айтылды. Бір іс шегінде тараптар бірқатар мәселелерді шеше алады, өйткені, талап қоюдың мәні мен негізінің бір мезгілде өзгертілуі шешіледі.

«Дөңгелек үстел» жұмысына кәсіби және әлеуметтік медиаторлар, Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, судьялар, адвокаттар, ғалымдар және жоғарғы оқу орындарының студенттері, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Берілген бағыттағы жұмысты әрі қарай жандандыру мақсатында татуластыру рәсімдерін қолданудың күрделі сұрақтары мен медиатор мамандығы туралы түсіндірмелер белсенді талқыланды.

«Дөңгелек үстел» барысында қатысушылар бұл жоба медиация институтының одан әрі дамуына жаңа қуат беретіндігіне, ол татуласу рәсімін қолдану саласын кеңейтетіндігіне, азаматтардың сот шығындарын азайтатындығына, әрі халықтың дауды соттан тыс баламалы тәсілдермен реттеуіне бағытталатындығына  сенім білдірді.

 

Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы С.Сәкенов азаматтармен онлайн-сұхбат орнату үшін онлайн-режимде Ашық есік күнін өткізді.

Қатысуға ниет білдірген облыстың барлық тұрғындары, тұрғылықты жері бойынша сотқа келу және бейнебайланыс арқылы өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Іс-шараны өткізу барысында қатысушыларға бүгінгі күні сотта барлық жаңалықтар, яғни, сот процестерін аудио-бейнетіркеу, сот отырыстарын бейнеконференцбайланыс арқылы өткізу мүмкіндігі, «Сот кабинеті» сервисі арқылы сотқа жүгіну мүмкіндігі туралы айтып өтті.

Облыс тұрғындары тұрғын-үй, еңбек қатынастары, заңнамадағы өзгертулер, Ұлт жоспарын іске асыру туралы сұрақтарын қойды. Сот жүйесіндегі өзгерістерін, атап айтқанда, сот ісін жүргізуде үш буындымоделін енгізу туралы сұрады.

Судьялар А.Стыбаев, С.Нұрқасымова, Р.Дәкубаева және Н.Жекенова облыс тұрғындарының сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес толық жауап берді.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы: «Мұндай тәжірибе азаматтарды қабылдауға өте ыңғайлы, тәжірибеге енгізілетін болады және азаматтардың қаражаты мен уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті.   

 

Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Елдос Жұмақсанов  С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің, Қазақстан-Американдық еркін университетінің, ҚазИГЗУ-нің  студенттерімен және профессорлы-оқытушылық құрамымен  кездесу өткізді.

Е.Жұмақсанов  қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде,  сот жүйесінде жүргізілген реформаларға, яғни, мамандандырылған соттардың құрылуы, татуласу рәсімдерінің еңгізілуі, алқа билер институтының еңгізілуі,  судьялық әдеп кодексінің қабылдануы, судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын күшейту және сот жүйесіндегі жаңа технологияларға тоқталып өтті. 

Кездесу барысында Е.Жұмақсанов студенттерге жергілікті соттардың құрылымы  жөнінде де айтып  өтті. Сонымен қатар, жаңа азаматтық кодекс туралы, тауласу рәсімдерін қолданудың кеңейгендігін және Өскемен қаласында Республика бойынша алғаш рет виртуалды медиация кабинетінің ашылғандығын айтты.

Студенттер өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, оларға тиісінше жауаптарын алды.

Іс-шара соңында студенттер судьяға қызықты әңгіме жүргізгені үшін алғыстарын білдіріп, сот саласындағы еңбегіне жеміс тіледі.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан және жамбыл облыстық соттардың баспасөз қызметтеріі