Оралда Жоғарғы Соттың бітімгершілік рәсімдерді одан әрі дамытуға арналған пилоттық жобасы ұсынылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық Үйінде Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметовтың, Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің және «Қазақстан медиаторлары Ассоциациясы» Халықаралық құқықтық қорғау орталығының бас директоры Жанділдә Жақыповтың қатысуымен «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» отырысына Ішкі істер департаменті, Әділет, Нотариалды палата, Кәсіпкерлер палатасы, Адвокаттар алқасы, еңбек инспекциясы, жер қатынастары басқармасы, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекциясы, білім басқармасының басшылары, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының, облыстың қоғамдық кеңесінің, коммуналдық қызметтердің, банктердің, сақтандыру компанияларының, кәсіби медиаторлар орталығының медиаторлары және кәсіби емес медиаторлар және басқа да мүдделі құрылымдар және БАҚ өкілдері шақырылды.

Кездесу барысында жергілікті жұртшылыққа даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша Жоғарғы Соттың пилоттық жобасы ұсынылады.
Судьялар корпусының спикерлері бітімгершілік рәсімдерін әрі қарай дамыту мақсатында пилоттық жобаның іске қосылғаны, азаматтық істерді қарайтын аудандық және оған теңестірілген соттар, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соты сондай-ақ, медиаторлар оның қатысушылары болып табылатынын атады. "Дөңгелек үстелде" медиация рәсімін қолдану қажет даулар (жанжалдар) санаттары айтылды.

«Қазақстан медиаторлары Ассоциациясы» Халықаралық құқықтық қорғау орталығының бас директоры Жанділдә Жақыпов аталмыш жобаны бағалап, оның ойынша қоғамдағы шиеленістердің төмендеуіне ықпал ететін оң тұстарын атап өтті.

"Дөңгелек үстелге" қатысушылар пилоттық жобаны қолдап, оның табысты іске асуына дайын екендіктерін жеткізді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі