Тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік қағидатын ұстану

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ағымдағы жылы ӘҚБтК-нің 440 б. 4 б.  бойынша 26 әкімшілік іс қарады.

Әңгіме қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғу, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкен күйде жүрген тәртіп бұзушыларға қатысты. Сонымен бірге, аталған тұлғалар құқық бұзушылықтарын қайталап, бір жыл ішінде екі рет әкімшілік жазаға тартылған. Бұл ретте құрамында спирт бар алкоголь өнімдерін - қонақта, мейрамхана және т. б. қолданғаны маңызды емес.

Сот, жоғарыда аталған әкімшілік материалдарды қарап, 26 құқықбұзушыны кінәлі деп таныды және оларға әкімшілік айыппұл және қамауға алу жазасын тағайындады.

Тәртіпсіздікке қарсы нөлдік төзімділік-қоғамның заңсыз іс-әрекеттермен және қылықтармен келіспейтіндіктерін, тіпті олар болмашы ғана болса да заңнама шеңберінде оларға тыйым салу қажеттігін білдіреді.

ӘҚБтК 25-тарауы қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғу, оның ішінде ең көп тараған Кодексінің 440-бабында жауапкершілік көзделген "Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүру" әкімшілік құқық бұзушылықтардың 17 түрін құрайды.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі