Оралда «дөңгелек үстел» қатысушылары сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты дауларды қарау тәжірибесі талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотында «Сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты даулар бойынша облыс соттарының азаматтық істерді қарау тәжірибесі» тақырыбында "дөңгелек үстел" өтті.

Шараға судьялар, прокуратура және «Сентрас Иншуранс", "Халық Казахинстрах", "Казкоммерц-Полис", "Цесна Гарант" және "Аско" сақтандыру компанияларының өкілдері қатысты

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытбек Бегалиев шараны алғы сөзбен ашып, облыс соттарында сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты істерді қарауда бірыңғай тәжірибе қалыптасып, істерді қарау сапасы тұрақталғанын, осы санаттағы істер бойынша құқық қолдану тәжірибесінде мәселелер жоқтығын атады.

Қатысушылар ҚР АК-нің 839 б. ережелеріне сәйкес, тәжірибеде кездесетін, сақтандыру төлемінен бас тарту жағдайларынан мысал келтіріп, сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату және бас тартуы негіздерін талқылады.

"Дөңгелек үстел" отырысында атап өтілгендей, АК 839 б. 1 б. 2 т. нормаларына сәйкес, сақтандыру жағдайы сақтандыру жағдайымен себептік байланыстағы қасақана қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған әрекеттерінің салдарынан болса, сақтанушыға сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тартуға құқылы. Егер сақтандыру жағдайы жауаптылықта сақтандыру объектiсi болып табылатын тұлғаның кiнәсiнен болса, онда сақтандырушы азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан босатылмайды. Бұл жағдайда шарттың әрекеті қолданылмайды.

Отырыста жол-көлік оқиғасы кезіндегі зиянның мөлшерін анықтауға және тәртібін айқындауға байланысты, кінәлі тұлғалардан  регрессті тәртіпте сақтандыру компанияларының сақтандыру төлемін өндіру туралы талаптарды қарау және сақтандырушыға шығындарды өтеу жөніндегі сақтанушы құқықтарының өтуі туралы мәселелер көтерілді.

"Дөңгелек үстел" қорытындысы бойынша туындаған мәселелер туралы ұсынымдар әзірленді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі