Батыс Қазақстан облысы ювеналдық сотының қызметі өңірдегі кәмелетеке толмағандар арасындағы қылмыстың азаюына септігін тигізуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық соты алғашқы мерейтойын атап өтті.

2012 жылы қызметін бастаған Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 5 жыл ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен қаралатын істердің сапалы қаралуына септігін тигізіп келеді. Бұл туралы облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Мирамбек Нағашыбаев мерейтойға арналған «Жасөспірімдер құқығын қорғау-қоғамның қастерлі міндеті» тақырыбында өткен конференцияда атап өтті. Конференция жұмысына прокуратура, адвокаттар алқасының, медиаторлар, ювеналдық полиция, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы мен БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында жасөспірімдер істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Тельман Ибрашев соттың қалыптасу тарихы, соттың қарауына жататын істер санаты, психологтың жұмысы туралы айтты. Сонымен қатар 5 жылда 344 қылмыстық, 1197 азаматтық және 1864 әкімшілік іс қаралғанын атап өтті. 

Облыс прокурорының аға көмекшісі А.Исмағұлова ювеналдық соттарды құрудағы жағымды тұстарына, істерді қарау кезінде сапалы және жан-жақты қарауға үлкен назар аударылатынына тоқталып, сот психологы жұмысының нәтижесінде кәмелетке толмаған баламен жұмыс жүргізу барысында кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалған аса ауыр қылмыс ашылып, соңында кінәлі тұлға сот үкімімен жазаға тартылғанын атап айтты. А.Исмағұлова алдыңғы жылдармен салыстырғанда 2015-2016 жылдары жасөспірімдер арасындағы қылмыс санының азаюын жасөспірімдер сотындағы алдын алу жұмыстарының нәтижесімен байланысты екендігін айтты.  

Қорғаншылық және қамқоршылық органының өкілі соттың ұжымын мерейтойымен құттықтап, оның қызметі үшін маңызды аспектілер - тәрбиелік жағынан да сондай-ақ, психологиялық жағынан да ерекше көзқарасқа зәру кәмелетке толмағандарға жағдай жасау қажет ететін айтты.

Конференцияға қатысушылар прокурордың, адвокаттың, құқық қорғау органдарының, ювеналдық полиция және қорғаншылық, қамқоршылық органдарының дивиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен жұмысына қатысты мәселелерді талқылады. Сонымен бірге жасөспірімдерге қатысты түйткілді мәселелерді талқылау мақсатында болашақта «дөңгелек үстелдер», кездесулер, семинар-тренингтер өткізу қажеттігіні атап өтті.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі