Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Б.Әметов Бөрлі және Шыңғырлау аудандарының тұрғындарымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов Бөрлі және Шыңғырлау аудандары әкімдерінің аудандардың 2016 жылғы әлеуметтік–экономикалық дамуы жөнінде тұрғындарға есеп беру кездесуіне қатысты.

Кездесуге Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов, мемлекеттік мекемелер басшылары, прокуратура және ішкі істер органдарының өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, аудан активі, қоғамдық кеңес мүшелері, оқу орындарының, үкіметтік емес ұжымдар, аудандық әкімдіктер қызметкерлері, шаруа қожалығының басшылары, кәсіпкерлер, баспасөз және телеарналардың тілшілері қатысты.

Шара барысында мемлекеттік органдардың басшылары стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламаларының маңызды көрсеткіштерінің жетістіктері туралы айтты.

Облыстық соттың төрағасы Б.Әметов облыс соттарының 2016 жылда сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі статистикалық мәліметтер туралы айтты. Сонымен бірге, судьялардың VII съезі Қазақстан соттарының алдына заң үстемдігін қамтамасыз ету, судьялардың есеп беру тәртібін күшейту, лайықты судьялар корпусын қалыптастыру, істерді қарау сот құқық қолдану тәжірибесінің  бірлігін және азаматтардың құқықтық сауаттылығын қамтамасыз ету міндеттерін қойғанын атап айтты.

Б.Әметовтың айтуынша, Қазақстанда қаралған істер санының жылдан жылға өсуіне байланысты бітімгершілік рәсімдерін және дауды шешудің балама тәсілдерін кеңінен қолдану қажеттілігі туындаған. «Азаматтарға сот процесіне дейін татуласудың артықшылығын түсіндіру қажет», деді-ол сөзінде.

Кездесу барысында облыстық соттың төрағасы аудан тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Есеп беру кездесуінің соңында облыс әкімі Б.Әметовке сот жүйесін реформалау туралы мәлімет бергені үшін алғысын білдіріп, сот корпусы белгіленген міндеттерді практикалық тұрғыдан іске асыру үшін барлық күш-жігерін салатынына сенім білдірді.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі