Батыс Қазақстан облысында сот қоғамдық қордың ар-намысын, абыройын және iскерлiк беделiн қорғау туралы іс бойынша медиация келісімін бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бөрлі аудандық соты қоғамдық қордың ар-намысы мен абыройын және iскерлiк беделiн қорғау туралы азаматтық іс бойынша  медиация келісімін бекітті.

Сот отырысында қоғамдық қордың өкілі қордың қайырымдылықпен айналысатынын, ал жауапкер азаматша Н. жергілікті газетте жарияланған өзінің сұхбатында қызына көмек көрсету үшін жиналған ақшалай қаражатты жауапкердің өз пайдасына жұмсағанын айтып, айыптаған.

Сонымен бірге, соттың заң талаптарына сай туындаған дауды медиация тәртібімен татуласу мүмкін екендігін түсіндіргеннен кейін, тараптар Ақсай қаласында қызмет атқаратын кәсіби емес медиаторға жүгінді. Нәтижесінде тараптар арасында туындаған дау, медиатордың қатысуымен медиация келісімімен аяқталды.

Сот медиация тәртібінде дауды шешу туралы ұсынылған келісімді зерделеп, ҚР АПК-нің нормаларын басшылыққа алып, тараптардың  медиация тәртібінде татуласуына байланысты азаматтық істі қысқарту туралы ұйғарым шығарды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі