Батыс Қазақстан облыстық сотында 2016 жылы атқарылған жұмысы қорытындыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотында алқа төрағалары мен облыстық сот судьяларының, аудандық, қалалық және мамандандырылған соттар төрағаларының, БҚО бойынша Соттар әкімшісі басшысының қатысуымен БҚО соттарының 2016 жылдың 12 айында атқарылған жұмыс қорытындыларына арналған кеңейтілген кеңес өтті.

Кеңейтілген кеңесті алғы сөзбен ашқан облыстық соттың төрағасы Бек Әметов «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары аясында заң үстемдігін қамтамсыз ету бойынша сот реформаларын жүзеге асырудың қорытындылары жайында айтты. Сонымен қатар, сот қызметін жетілдірудің негізгі бағыттары - республика соттарының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылатын сегіз бағыты бойынша сапалы сот төрелігінің мониторингіне тоқталды.

Кеңес барысында облыстық соттың алқа төрағалары М.Нағашыбаев пен Б.Бегалиевтің 2016 жылы қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша бірінші сатыда және апелляциялық сатыда қаралған істердің қорытындысының 2015 жылмен салыстырмалы мәліметтері тыңдалды.

Судья әдебі жөніндегі комиссияның, соттардың БАҚ-пен іс-қимылының, оқу орталығының жас судьялармен жүргізілген оқыту шаралары және тәжірибелік сабақтар жөніндегі жұмысы және БҚО бойынша Соттар әкімшісінің соттардың материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз ету жөніндегі ақпараты тыңдалды.

Облыстық соттың төрағасы кеңейтілген кеңесті қорытындылай келе, облыстағы судьялар корпусының алдына сот төрелігін сапалы жүзеге асыру міндетін қойды. Облыс соттарында татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдануға және сот ісін жүргізуге ендірілген инновациялық технологияға ерекше мән беріп, судьяларды Әдеп кодексін қатаң сақтауға шақырды.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі