Солтүстік Қазақстан облысының соттары 2016 жылдың қорытындысы бойынша республика соттарының арасында сот төрелігін жүзеге асыру сапасы бойынша бірінші орын алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында өңір соттарының 2016 жылғы сот төрелігін жүзеге асыруының қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті. Кеңес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулиннің, облыстық соттың судьяларының, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының, судья лауазымына үміткерлердің, БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

Кеңейтілген кеңестің жұмысын облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов ашты. Төраға өткен жылды қорытындылай келе, 2016 жыл еліміз тәуелсіздігінің 25-жылдығының аясында өткенін атап айтты. 2016 жылдың 21 қарашасында республика судьяларының VII-съезі өтіп, Жоғарғы Сот судьяларының кәсіби қызметіне бағалауды жүргізді.

Осы оқиғалар толығымен сот жүйесінің дамуында үлкен рөл атқарды, сондай-ақ соттар қызметін бағалауға, сот жүйесінде өтетін процестердің қоғамның оң қабылдауына әсер етті.

Мемлекет басшысы өзінің "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауында басқа міндеттермен қатар, сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу, судьялардың жұмысына заңнан тыс кез келген ықпалды жою қажеттілігі міндетін қойды. Е. Айтжанов нақты осы міндетті орындау біздің негізгі мақсатымыз болып табылады деп атап айтты.

Солтүстік Қазақстан облысының соттары республикадағы 17 соттың ішінен сот төрелігін іске асыру сапасы бойынша бірінші орында тұр.

2016 жылдың қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық соты облыстық және оған теңестірілген сот жұмысын ең жақсы ұйымдастыру байқауында бірінші орынға ие болды.

Бұл облыс соттарының жұмысын сапалы ұйымдастыру және халық сенімінің дәлелі болып табылады.

Кеңес барысында сот алқаларының төрағалары В.Кириленко мен Б.Қасейінов қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру сапасы жайлы сөз сөйледі.

Судья әдебі бойынша комиссияның 2016 жылғы жұмысы туралы облыстық соттың судьясы Ю.Иванова баяндама жасады, 2016 жылғы Соттар әкімшісінің жұмыс қорытындысы туралы Соттар әкімшісінің басшысы О.Мүтәләпов есеп берді.

Бұдан басқа қалалық және аудандық соттардың бірқатар төрағалары мен судьяларының баяндамалары тыңдалды.

Жоғарғы Соттың алқа төрағасы Абай Рахметулин кеңес барысында сөз сөйлей келе, республика судьяларының VII съезі сот жүйесін жаңғыртуға жаңа серпін бергенін және сот төрелігін жүзеге асыру бойынша негізгі бағыт көрсетті деп атап көрсетті.  

Осыған байланысты, судьялар алдында ел үшін ең маңызды заң үстемдігі қағидатын іске асыру бойынша үлкен міндетттер тұр, бұл соттардың күнделікті практикасындағы басым бағыты болуы тиіс.

Жоғарғы Сот заманауи технологияларды пайдалана отырып, бірыңғай сот практикасын қалыптастыру бойынша шаралар қабылдауда.

"Сот істерін қараудың бірыңғай практикасын қамтамасыз ету сот жүйесінің ең басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қызметтің осы бағытына тұрақты түрде ерекше назар аудару қажет, - деді А.Рахметулин.   

Іс-шара соңында республика соттары арасында өткен байқаудың қорытындысы шығарылып, бітімгершілік рәсімдердің дамуына үлес қосқан судьялар марапатталды.

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі