БҚО-ның апелляциялық сот сатысы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық бойынша айыпталған бұрынғы екі мемлекеттік қызметшіге қатысты сот үкімін өзгеріссіз қалдырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Т.Нагибов Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің аға тергеушісі бола тұрып, қылмыстық іс бойынша тергеуге дейінгі өндіріс шеңберіндегі «Евразия строй капитал 2007» ЖШС-нің бухгалтерлік құжаттарын өзіне алып, құжаттарды делдал М.Сатыбалдиев арқылы, 15 000 АҚШ доллары (2 789 250 теңге) көлеміндегі ақшалай сыйақыға ЖШС директорының орынбасарына қайтарып берген.

БҚО-ның Орал қалалық соты Т.Нагибовты ҚР ҚК-нің 366-бабы екінші бөлігіне сәйкес (лауазымды тұлғаның айтарлықтай мөлшерде пара алуы), ҚР ҚК-нің 362-бабы екінші бөлігіне сәйкес (лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. ҚР ҚК-нің 58-бабы  үшінші бөлігінің негізінде (қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша) ол 4 жыл 8 айға бас бостындығынан айыру жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуге, мүлкін тәркілеумен және мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасына тағайындалды.

М.Сатыбалдиев ҚР ҚК-нің 368-бабы 1-бөлігінде (пара беруде делдал болу) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оның мүлкін тәркілеусіз, мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның он еселенген сомасы мөлшерінде, 27 892 500 теңге айыппұл салу жазасын тағайындады.

БҚО-ның қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы сотталушы Т.Нагибов пен қорғаушылардың шағым дәлелдемелерін зерделеп, шығарылған сот актісін өзгеріссіз, ал апелляциялық шағымды қанағаттандырусыз қалдырды. 

Батыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сатысы сот үкімін заңды және негізді, ал бірінші сатыдағы соттың шешімін М.Сатыбалдиев пен Т.Нагибовтың  әрекеттері тиісті істің нақты мән-жайларына сәйкес, кінәсінің дәлелденгендігі туралы тұжырымдары негізді  және дұрыс бағаланған деп таныды.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі