Орал қалалық соты бұрынғы полиция қызметкерлеріне ірі көлемде айыппұл тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық соты пара алу фактісі бойынша полиция қызметкерлеріне қатысты айыптау үкімін шығарды.

Сотта белгілі болғанындай, бұзақылық фактісі бойынша анықтаушы Э. Габдулиннің іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істі тексеру барысында, қылмыстық іс бойынша күдікті және жәбірленуші тарап, соңғыға залалды өтеу арқылы татуласу туралы келісім шартқа қол жеткізген.

Анықтаушы Э. Габдуллиннің және осы істі жедел сүйемелдеуді жүзеге асырған Орал қ. ІІБ жедел уәкілі Е. Белкеновтің қатысуымен келісімге қол жеткізілген.

Кейін күдікті келтірілген залалды өтеу есебіне талап етілген соманы жинаған соң, полиция қызметкерлері тарапынан ақшаның бір бөлігі қылмыстық істі тоқтату туралы мәселенің оң шешілуі үшін талап етілген.

Орал қалалық соты Э. Габдулин мен Е. Белкеновті ҚР ҚК 366-бабының 3-тармағының  2-бөлігі (адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша пара алу) бойынша кінәлі деп танып, әрқайсысына параның жетпіс еселенген сомасы мөлшерінде 3 500 000 теңге айыппұл салу, жеке өздеріне тиесілі мүліктері тәркіленіп, жергілікті басқару органдарында және мемлекеттік органдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасын тағайындады.

Бұдан басқа, Э. Габдулин "полиция лейтенанты" арнайы атағынан Е. Белкенов "аға-лейтенант" арнайы атағынан айырылды.

Сот жазаның түрін және мөлшерін тағайындау кезінде жасалған қылмыстың сипаты мен дәрежесін, тағылған кінәні мойындау және өкініш білдіруді ескерді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі