Орал сотында банкроттық рәсімді өткізу сатысында тараптар бітімгершілік келісіміне келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен 2015 жылғы тамызда ЖШС банкроттық рәсімді қозғау барысында банкрот деп танылды.

Сонымен қатар, борышкер мен кредитор ағымдағы жылдың өткен тамызында несие берушілер жиналысының отырысында бітімгершілік келісімін жасау туралы шешімге келді. Аталған келісімнің шарттары бойынша борышкер бюджет алдындағы қарызды 11 ай ішінде несие берушінің есеп шотына қаражатты аударуды өзіне міндет қылып алды. Міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін борышкер мүлік құны қарыз сомасынан едәуір басым мүлікті кепілге берді.

«Оңалту және банкроттық туралы» Заңның 112-1-бабына сәйкес банкроттық рәсімді жүргізудің кез келген сатысында борышкер мен кредиторлар бітімгершілік келісімді жасасуға құқылы. Кредиторлар тарапынан бітімгершілік келісімді жасасу туралы шешім кредиторлар жиналысында қабылданады. Банкрот тарапынан бітімгершілік келісім жасасу туралы шешімді мүліктің меншік иесі, банкроттың құрылтайшысы (қатысушысы) және банкроттықты басқарушы қабылдайды.

Сот бітімгершілік келісімді зерделеп, банкроттық туралы заңнамада көзделген құқықтар мен міндеттері банкроттық заң  талаптарына  сай  келгендіктен бекітті.

Осылайша, ЖШС-нің банкроттық рәсімі қысқартуға жатады, борышкерді банкроттық деп тану  шешімі  және банкроттық рәсімді  қозғау  орындауға жатпайды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі