Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Жұмағұлов Тасқала ауданының тұрғындары мен қоғам белсенділерімен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Тасқала ауданына жұмыс сапары барысында оның тұрғындарымен кездесті.

Кездесуге аудан әкімі, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары, депутаттар, ҮЕҰ, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері, құқық  қорғау өкілдері, ауыл ақсақалдары, Тасқала, Амангелді, Ақтау, Мереке, Шежін, Қосшы, Мерей, Достық, Қазақстан ауылдық округтерінің  кәсіпқой емес медиаторлары және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында А.Жұмағұлов халыққа азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін оңтайландыру және тәуелсіз сот  билігін құрып, құқықтық мемлекетті қалыптастыру үшін маңызды болып табылатын отандық сот жүйесін жетілдіруге бағытталған міндеттерге тоқталды. Іске қатысушылардың іс жүргізу құжаттарына кедергісіз қол жеткізуге және қағаз тасымалы мен іс бойынша мүдделі тұлғалардың уақыт шығының қысқарту үшін қажетті «Электронды қылмыстық іс» және «Бұйрық арқылы іс жүргузуге» арналған электрондық сервистерді назарға ұсына отырып, сот жүйесіне электронды сот ісін жүргізуді енгізудің мақсат- міндеттерін түсіндірді.

Сонымен қатар А.Жұмағұлов дау-жанжалдарды шешуде татуластыру рәсімдерін қолдану мен дамытудың артықшылық тұстарын атап өтті. Қылмыстық процестегі азаматтардың мүддесін оңтайландыру, халықтың әлуметтік жағынан әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету, тергеп-тексеру тиімділігін жақсарту және жедел де әділ сот төрелігін жүзеге асыру мақсатында қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі пробация рәсімін қолдану, сотқа дейінгі жеделдетілген іс жүргізу төңірегінде атқарылып жатырған кешенді іс-шараларды жария етті. Құқық қорғау қызметін жетілдіру мен қылмыстық іс жүргізуді жаңғырту туралы заң жобасы таныстырылды. А.Жұмағұловтың айтуы бойынша аталған жоба тұлғаны санкциясыз ұстау мерзімін қысқартуды және жасырын тергеу әрекеттерін қоса отырып іс-жүргізушілік іс-әрекетті санкциялау үшін сотқа беруді қарастырады. Ақпаратты алу мен алмасуда, оның ішінде дәлелдемелер мен қылмыстық іс материалдарына қол жеткізуде қорғау мен айыптау құқықтарын теңдей бөлу жолымен іс жүргізу жарыспалығын ұлғайтуды, сондай-ақ оңша ауыр емес қылмыстар мен қылмыстық теріс қылықтар бойынша бұйрық арқылы  іс жүргізу анықталған негіздерінде ғана қолдануды көздейтіні туралы айтылды.

Алқа төрағасы жоғарыда аталған түзетулер тергеу, қадағалау және сот органдары арасында өкілеттіктерді бөлу, соттың қадағалау құзіретін кеңейту және қылмыстық іс жүргізуде адамның құқығының қорғалуын нығайту үшін қажетті болып табылатынын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, А.Жұмағұлов азаматтардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі