Орал қаласында облыс судьялары банкроттық туралы азаматтық істі тәжірибеде қарауды талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оралда «Банкроттық туралы азаматтық істерді тәжірибеде қарау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Шараға БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары (әрі қарай - БҚО МАЭС), прокуратураның, облыстық мемлекеттік кірістер Департаментінің және БАҚ өкілдері қатысты.

Облыстық соттың судьясы, «дөңгелек үстелдің» модераторы Ляззат Ұстағалиева «Оңалту және банкроттық бойынша Заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы» ҚР Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысына енген өзгерістерді, сонымен қатар былтырғы және ағымдағы жылдың банкроттық туралы істерді тәжірибеде қарауды зерделеу керектігін айтты. Проблемалық мәселелер туындаған кезде олардың шешу жолдарын талқылауға көңіл бөлді.  

Қатысушылар шара барысында оңалту және банкроттық рәсімдерден туындайтын даулар туралы талқылады. БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы (одан әрі БҚО МАЭС) Ульяна Хайруллинаның айтуынша банкроттық-соттың шешімімен танылған дәрменсіз борышкер, оның жойылуына негіз болады. Қазіргі таңда сот ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында заңды тұлға мен жеке кәсіпкердің банкроттылығы туралы 65 іс қарады. Істерді талдаған кезде бұл санат тұтастай алғанда борышкерді банкрот деп тану туралы арыз негізінен несие алушылардан, салық органдарынан, банктер қарыз берушілерден түсетіндігін көрсетті. Алайда уақытша басқарушының кандидатурасын таңдауға байланысты істі қараған кезде қиындықтар туындайды. Соңғы мәліметтерге қарағанда Батыс Қазақстан облысында 13 басқарушы болса, оның ішінен ешқандай жұмыс жасамайтын әрекетсіздерде кездеседі. Таңдау міндеттемелерді орындай алмайтын сот алдында басқаға ауыстыру туралы қолдаухатпен бір тұлғаға түсіп отырады, көбінесе 5-6 тұлға тағайындалады. Спикер уақытша басқарушының жұмыс бастылығы борышкерлердің дәрменсіздігін анықтау бойынша міндеттемелерді уақытылы орындамауға әкеліп соғатындығын, ал егер оларды банкрот болған басқарушы деп тағайындаса, мерзімі өткен есеп берілу керектігін хабарлады.

БҚО МАЭС судьясы Қанат Қадырбеков борышкер құрылтайшыларды (басқарушыларды) субсидиарлық жауапкершілікке банкроттық басқарушыларды тарту туралы талап арызды  тәжірибеде қарауды баяндады. 2016 жылдың 12 айының көрсеткішіне сай БҚО МАЭС 13 іс қарады, оның 9 ісі бойынша қанағаттандырудан бас тартылған, 3 іс бойынша қанағаттандырылды деген шешім шыққан, ал 1 іс қараусыз қалдырылған. 2017 жылдың 6 айында 16 іс аяқталып, барлық істер бойынша қанағатсыз қалдырылды деген шешім шыққан.

Спикерлер мүліктің жетіспегендігі үшін қанағатсыз қалдырылған, несие алушылардың субсидиарлық жауапкершілікке тарту бойынша соманы өндіруге өтініш бергендегі талап мерзіміне, ҚР Жоғарғы Сотының «Оңалту және банкроттық туралы заңнаманы тәжірибеде қарау»  туралы нормативтік қаулысына 31.03.2017 жылы енген өзгерістерге назар аударды. Жаңа өзгерістер бойынша егер алдын ала банкорттылықтың фактілері білінсе банкроттық басқарушыларға талап беру үшін айлық мерзім беріледі.

Сот тәжірибесінен нақты мысалдарды айта келе, судьялар «Оңалту және банкроттық туралы заңнаманы тәжірибеде қарау» нормативтік қаулыдағы талаптарды сақтап және ондағы барлық мүмкіншіліктерді қабылдауға назар аударды.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі