Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі В.Рычков Солтүстік Қазақстан облыстық сотының жалпы отырыс жұмысына қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Владимир Рычков Солтүстік Қазақстан облыстық сотында өткен жалпы отырыс жұмысына қатысты. Оның барысында қатысушылар жергілікті соттардың төрағалары мен судьяларының бос лауазымдары конкурсына үміткерлерді талқылады.

Отырысты аша отырып, облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов судьялар мен судьялыққа үміткерлерге қойылатын жоғары талаптар шеңберінде білімнің жоғары деңгейі, моральдық-адамгершілік қасиеттер және мінсіз бедел бос судья лауазымдарына үміткерлерді іріктеудің негізгі критерийлері екенін атап өтті.

В.Рычков Жоғары Сот Кеңесі сот жүйесін кадрлық қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Белсенді және тұрақты түрде жұмыс жүргізілетін маңызды міндеттердің бірі судья кадрларын іріктеу және дайындау жүйесін жетілдіру, ел судьяларының кәсіби біліктілігін арттыру болып табылады.

Жалпы отырыстың алдында құрамына жергілікті қоғамның белді өкілдері, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаттары, «Нұр Отан» партиясының, БАҚ-тың өкілдері, сот жүйесінің ардагерлері кіретін Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Қоғамдағы пікірді білу мақсатында үміткердің тізімі облыстық соттың ресми сайтында, «Северный Казахстан», «Солтүстік Қазақстан» газеттерінің беттерінде жарияланған болатын.

Жалпы отырыстың қатысушылары конкурсқа қатысып отырған үміткерлерді қарастырып, олардың моральдық-адамгершілік қасиеттеріне және іскерлік бейнесіне ерекше назар аударды. Талқылаудың нәтижесінде 7 үміткердің 5 облыстық соттың жалпы отырысының оң қорытындысы берілді, көрсетілген үміткерлер бұдан әрі Жоғары Сот Кеңесінің отырысында қаралатын болады.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі