Жоғарғы Сот апостиль қоюға құжаттарды беру процессін автоматтандырады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген түзетулерге сәйкес «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметін сонымен бірге электрондық нысанда көрсету қарастырылған.

 Апостиль қоюға өтінішті қабылдау «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы жүзеге асырылатын болады.

Осыған байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына тиісті түзетулер әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге ұсынылды.

Стандарт жобасы жария талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.

Источник: 
Департаментінің Жергілікті соттардың және кеңселердің қызметін ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі