Архив событий

06/03/2019

Алматы облысында қылмыстық саясаттың тиімділігі мен қылмыстық сот ісін жүргізудің заманауи үлгісі талқыланды

06/03/2019

Бүгін «Ақ бұлақ» қонақ үйінде «Тиімді қылмыстық саясат және қылмыстық сот ісін жүргізудің заманауи үлгісі – азаматтардың конституциялық құқықтарын тиісінше қорғаудың кепілі» тақырыбында сегізінші халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады.

Форум Астанадағы ЕҚЫО Бағдарламалары кеңсесімен және Герман халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорымен бірлесе отырып Конституциялық Кеңес, Жоғарғы Сот, Бас прокуратурасының ұйымдастыруымен өткізілді.

Жамбыл облысының Билер кеңесі белсенді түрде өңірдің дауласушы тұрғындарын сотқа дейін татуластыруда

06/03/2019

Тәжірибе көрсеткендей, Билер кеңесінің дауларды қарауы азаматтардың мүдделерін қорғау үшін неғұрлым тиімді құрал болып табылады. Қазіргі билер дауларды баламалы реттеу арқылы жанжалдарды шешу тәсілдерінің кең ауқымын ұсынады. Дауды әділ қарау және келіспеушіліктерді шешудің жалпы жолдарын іздеу мақсатында сындарлы өзара іс-қимыл жасау үшін жағдайлар жасалуда. Медиация процесі азаматтар үшін құпия, ыңғайлы және ерікті түрде өтеді.

Жоғарғы Сот Төрағасы Жапонияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

06/03/2019

Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Тацухико Касаимен кездесті.  

Кездесу алдында жоғары мәртебелі қонаққа Ахуалдық орталық жұмысы, сот  талдамасының мүмкіндіктері мен электронды сот төрелігінің жүйесі таныстырылды.

Кездесу барысында Ж.Асанов пен Т.Касаи екі ел арасындағы ынтымақтастықтың өміршеңдігін атап өтті және оны одан әрі дамыту қажеттігіне сенім білдірді.