Архив событий

15/03/2019

Жоғарғы Сотта бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау мәселелері талқыланды

15/03/2019

Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов пен  «Атамекен» ҰКП Төралқасының Төрағасы Тимур Кулибаев «Ашық диалог – бизнес пен сот» форумын өткізді.

Оның жұмысына Жоғарғы Соттың судьялары, «Атамекен» ҰКП-нің, Бас прокуратураның, Парламент Мәжілісінің, «Ақ жол» партиясының, әділет, қаржы және ауыл шаруашылығы министрліктерінің, Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің өкілдері қатысты.

Кездесудің  бас кезінде оның қатысушылары 2018 жылғы Бірлескен іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы бейнероликті көрді.  

Шығыс Қазақстан облыстық соты «Медиация – заманауи қажеттілік» деген тақырыпта халықаралық конференция өткізді

15/03/2019

«Медиация – заманауи қажеттілік» деген тақырыптағы халықаралық конференцияны  Шығыс Қазақстан  облыстық соты, ҚР Судьялар одағының Шығыс Қазақстан  облыстық филиалы мен  С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан  Мемлекеттік универсиеті ұйымдастырып өткізді.

«Татуласу рәсімдері» жобасын іске асыру: жыл басынан бері барлық істердің 76%-ы тараптардың татуласуы арқылы шешілді

15/03/2019

Астананың Сарыарқа аудандық сотында «Татуласу рәсімдері»  жобасы осыдан тура бір жыл бұрын қолға алына бастаған болатын. Сотта жобаны іске асыру кезінде тараптарға дауды медиатордың, адвокаттар мен татуластырушы судьялардың қатысуымен баламалы жол арқылы шешу ұсынылады.

Республиканың судьялары құқыққолдану мәселелерін талқылады

15/03/2019

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Айдар Смағұлов облыс судяларының, әкімдіктер, адвокаттар алқалары, нотариаттық палаталар, кәсіподақ орталықтары, «Атамекен» ҰКП филиалы, «Казахтелеком», «Горгаз-сервис», «Кызылжар су», «Севказэнергосбыт», Медиацияны дамыту орталығы өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізді.

Заңға өзгерістер нормалары мен қолданылуын түсіндіре отырып

15/03/2019

Маңғыстау облыстық соты меншік, төрелік құқықтары, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру мәселелері бойынша заңға енгізілген түзетулерді түсіндіру жөнінде жұмыс жүргізіп келеді.