Архив событий

27/03/2019

Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қалалық сотында фронт-кеңсе ашылды

27/03/2019

Салтанатты іс-шараға Курчатов қалалық сотының төрағасы Эльмира Рауясова, Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Алексей Глазинский, прокурор Санат Қабдрахманов және қорғаныс істері жөніндегі қалалық бөлімнің басшысы Айдос Медетбеков қатысты.

Түркістанда Татуласу орталығы ашылды

27/03/2019

«Қазақстан медиаторларының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Татуласу орталығының салтанатты түрде ашылу рәсіміне судьялар, облыстық әкімдік пен ҚХА филиалының өкілдері, медиаторлар мен заңгерлер қатысты.

Іс-шараны аша отырып, Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Түгел Бекимбетов Орталықтың татуластыру рәсімдерін танымал етуге және дауларды сотқа дейінгі және соттағы татуласу арқылы шешуге бағыт ұстайтынын атап өтті.