Архив событий

19/03/2019

Атырауда соттардың қызметкерлері Қазақстанның «100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазымен кездесті

19/03/2019

Атырауда облыстық соттың қызметкерлері жүзу бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Джакартада өткен Азия Параойындары-2018 чемпионатының екі мәрте чемпионы Ержан Сәлімгереевпен кездесті.

Е. Сәлімгереев пара олимпиадасы бойынша жүзушілер арасындағы озық спортшылардың қатарына кіреді. Ол әр жылдарда халықаралық жарыстарда қазақстанның қоржынына бірнеше медаль салған танымал спортшы. Ержан 2019 жылы Қазақстанның «100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атанып, ел Президентінің алдында өнер көрсетті.

Павлодар облысында «Отбасылық сот» жобасы өзінің тиімділігін байқатты

19/03/2019

Павлодар облысында «Отбасылық сот» жобасы шеңберінде судьялар мен психологтар 2018 жылы 575 отбасыны, 2019 жылы 93 отбасыны ажырасудан сақтап қалды. Тек Павлодардың мамандандырылған әкімшілік сотында психологтардың қатысуымен 2018 жылы 1 179 отбасындағы, 2019 жылы 286 отбасындағы ерлі-зайыптылар татуласты.

Осы жоба отбасыны нығайтып, неке мен отбасыны дәріптеуге арналған.