Архив событий

29/03/2019

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы С.Абдолла Хромтау және Алға аудандарының тұрғындарымен кездесті

29/03/2019

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Сәкен Абдолла Хромтау және Алға аудандарының тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді. Кездесуге аудан және селолық округ әкімдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, білім беру мекемелерінің, ардагерлер кеңестерінің, жастардың өкілдері, кәсіпкерлер мен билер қатысты.

Жамбыл облыстық соты мен «Татуласу» мәміле орталығының басшылары Ынтымақтастық туралы меморандум жасасты

29/03/2019

Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер бойынша алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков пен «Татуласу» мәміле (медиация) орталығының төрағасы Нұрлыкүл Амирова Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат даулар мен шиеленістерді сотқа дейін және соттан тыс реттеуді жан-жақты қолдану бойынша өзара іс-қимылды, татуластыру рәсімдерін насихаттауды көздейді. Меморандум қоғамдағы шиеленісуді азайтуға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау мақсатында

29/03/2019

Түркістанда Соттар әкімшілерінің және  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұлттық бюросы департаментінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшылары Орынбасар Лештаев пен Нұрлан Қамбатыров Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

О.Лештаев өз сөзінде қабылданып жатқан шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын көтеруге және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» принципін қалыптастыруға көмектесетініне сенім білдірді.

Ақтөбе қаласының № 3 сотында отбасылық орталық ашылды

29/03/2019

Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ермек Қанапиев Ақтөбе қаласының № 3 сотында отбасылық орталықты салтанатты жағдайда ашты. Іс-шара «Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.