Архив событий

01/03/2019

Жоғарғы Сот Төрағасы Ж.Асанов мемлекеттік айыптаушылар форумына қатысушылармен кездесті

01/03/2019

Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов мемлекеттік айыптаушылар форумы аясында өңірлік прокуратура органдарынан келген 50-ден астам қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуге Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин, Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов та қатысты.

Ақмола облысында «Үш би» монументі салтанатты түрде ашылды

01/03/2019

Ақмола облысында  Целиноград аудандық соты ғимаратының алдында, Ақмол селосының «Жеті жарғы» көшесіне қарайтын жағында «Үш би» монументінің салтанатты түрде ашылу рәсімі болып өтті.

Өңірдегі қуанышты оқиғаға айналған бұл іс-шараға аудан тұрғындары, сот жүйесінің, әкімдіктің, мәслихаттың, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің, бизнес-құрылымдардың өкілдері,  еңбек және сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау мақсатында

01/03/2019

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Сәкен Абдолла және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы Расул Медетов Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.