Архив событий

20/03/2019

Құрметті оқырмандар!

20/03/2019

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын!

Наурыз – Шығыс халықтарының көнеден келе жатқан мейрамы. Табиғат пен тіршілік жаңаратын бұл мейрам біздің елімізде Тәуелсіздікпен бірге қайта жаңғырды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1991 жылғы 15 наурыздағы Жарлығына сәйкес бұл мереке мемлекеттік деңгейде аталып келеді. Осы уақыттан бастап Наурыз біздің қоғамда береке мен бірлік, тұрақтылық пен келісім секілді құндылықтардың нығаюына өз септігін тигізуде.        

Петропавл қаласының сотында отбасы кабинеті ашылды

20/03/2019

«Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асыру аясында Петропавл қаласының № 2 сотында отбасы кабинетінің ашылу рәсімі өтті. Жоба ажырасулардың санын төмендетуге, сондай-ақ балалардың мүдделерін қозғайтын дауларды азайтуға бағытталған.

Іс-шараға судьялар, медиаторлар, психологтар, әділет, білім беру мен АХАТ өкілдері қатысты.

Сөз сөйлей отырып, Солтүстік-Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов отбасы кабинетінде азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек, психологиялық қолдау көрсетілетінін атап өтті.  

Жамбыл облыстық сотының және Ардагерлер ұйымының төрағалары Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

20/03/2019

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Мырзакәрім мен Ардагерлер ұйымының төрағасы Еркінбек Солтыбаев Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат қоғамдағы жанжалдың деңгейін төмендетуге, билер кеңестерінің институтын дамытуға, татуластыру арқылы дауларды шешу мәдениетін дамытуға, азаматтардың құқықтық саналарын жоғарлатуға бағытталған.    

Түркістан облысының Сарыағаш аудандық сотында Отбасы орталығы ашылды семьи

20/03/2019

«Отбасылық сот» пилоттық жобасын жүзеге асыру аясында Отбасы орталығының салтанатты ашылуы өтті.

Ашылу салтанатына Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Тасболат Машрапов, Түркістан облыстық сотының судьясы Аймания Кульчикова, жергілікті атқару және құқық қорғау органдарының басшылары, билер және әйелдер кеңестерінің мүшелері, медиаторлар мен психологтар қатысты. 

Ақтауда отбасы орталығы ашылды

20/03/2019

Қазақстан халқы Ассамблеясы филиалының ғимаратында отбасы орталығының ашылу салтанаты «Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асыру аясында болып өтті. 

Ашылу салтанатына Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев, аймақтың судьялары, Қазақстан халқы Ассамблеясының филиалы хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Ісмұрзина, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.