Петропавл қаласының сотында отбасы кабинеті ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асыру аясында Петропавл қаласының № 2 сотында отбасы кабинетінің ашылу рәсімі өтті. Жоба ажырасулардың санын төмендетуге, сондай-ақ балалардың мүдделерін қозғайтын дауларды азайтуға бағытталған.

Іс-шараға судьялар, медиаторлар, психологтар, әділет, білім беру мен АХАТ өкілдері қатысты.

Сөз сөйлей отырып, Солтүстік-Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов отбасы кабинетінде азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек, психологиялық қолдау көрсетілетінін атап өтті.  

Петропавл қаласының № 2 сотының төрағасы Динара Байзакова отбасыны сақтап қалуға ықпал ететін татуластыру рәсімдерін дамытуды – жобаның мақсаты деп атады. «Жобаның аясында неке-отбасы қатынастары аясында туындайтын дауларды шешудің басқа ұстанымы белгіленді, сот осындай дауларды шешкенде отбасы қатынастарын сауықтыру, отбасыны сақтап қалу және тараптарды татуластыру бойынша шаралар қабылдайды», – деді өз сөзінде спикер.

Тәжірибелі отбасы психологы Алтыншаш Матаева осы жобаны іске асыруға қатысуда.   

Д. Байзакова некені бұзу туралы талап арызды беру тәртібі туралы айтып берді. Талап арызды беру тәртібі бекітілген алгоритм бойынша жүргізіледі. Осылайша, талапкер некені бұзу туралы арызды бергенге дейін алдымен отбасылық психологқа барады. Психолог некені бұзуға бастамашы болған адаммен жұмыс жасайды, одан осындай қадам жасауға не түркі болғанын, мұның нақты себептерін анықтайды. Жұмыс жасаудың нәтижесінде ол тараптарға жанжалды шешудің, отбасыны сақтап қалудың жолдарын ұсынады.

Психологпен жұмыс жасағаннан кейін де некені бұзуды талап еткен талапкердің арызы белгіленген тәртіпте сот кеңсесінде тіркеледі және «Соттағы татуластыру рәсімдері» пилоттық жобасын іске асыратын судьяға бөлінеді. 

Источник: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі