Архив событий

07/03/2019

Құрметті ханымдар!

07/03/2019

Сіздерді 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Қазақстан қоғамында әйелдер, ең алдымен, аяулы ана, сүйікті жар, кәсіби маман және жауапты лауазым иесі. Сондықтан да айтулы мереке қарсаңында абзал аналар мен аяулы аруларға лайықты сый-құрмет көрсетілуі – елдігіміздің белгісі.

Дана халқымызда: «Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», «Қыз өссе – елдің көркі» деген қанатты сөздер бар. Бұл сөздер – халқымыздың ежелден әйел затын ардақтай білгенінің айғағы.

Республика соттарында құқыққолданудың өзекті мәселелері талқыланды

07/03/2019

Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мұратғали Әкетай «Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеудің өзекті мәселелері»тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді. Оның жұмысына судьялар, прокуратура,  полиция департаменті мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері қатысты.