Архив событий

11/03/2019

Жоғарғы Сот апостиль қоюға құжаттарды беру процессін автоматтандырады

11/03/2019

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген түзетулерге сәйкес «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметін сонымен бірге электрондық нысанда көрсету қарастырылған.

 Апостиль қоюға өтінішті қабылдау «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы жүзеге асырылатын болады.

Осыған байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына тиісті түзетулер әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге ұсынылды.