Архив событий

28/03/2019

Қызылорда облысының Байқоңыр қаласында Билер кеңесі құрылды

28/03/2019

Байқоңыр қалалық сотының төрағасы Телжан Жүсіпов пен уәкілетті органдардың өкілдері қаланың, Төретам мен Ақай кенттерінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге мемлекеттік мекемелердің басшылары, ішкі істер органдарының өкілдері, адвокаттар, медиаторлар, нотариустар мен сот орындаушылары қатысты.

Кездесу кезінде сот төрағасы Билер кеңесін құрудың міндеттері мен оның қызметінің қырлары туралы, сондай-ақ даулар мен жанжалдарды реттеуге арналған «Татуласу: сотқа дейін және сотта» жобасының мақсаты туралы айтып берді.